AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан бюджетіне жыл басынан бері 12 трлн 427 м...

Қазақстан бюджетіне жыл басынан бері 12 трлн 427 млрд теңге кіріс түсті

Әлеумет 15.11.2022, 06:32 1,289
Қазақстан бюджетіне жыл басынан бері 12 трлн 427 млрд теңге кіріс түсті
Сурет: Kapital.kz

Қазақстанның оң сауда теңгерімі $29,3 млрд-қа жетті.


Қазақстан үкіметінде өткен отырыс барысында мемлекеттің биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сілтеме жасап.


Отырыс барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндама жасап, аталған кезеңде республикада ЖІӨ өсу қарқыны 2,5%-ды құрады. Атап айтқанда, экономиканың нақты секторы 2,8%-ға, қызмет көрсету саласы 1,6%-ға өсті. Салалар арасында ауыл шаруашылығы (8,2%), ақпарат және байланыс (7,1%), құрылыс (5%), өңдеу өнеркәсібі (4,3%), сауда (4,1%), көлік және қоймалау (3,9%) оң динамиканы көрсетіп отыр.


Министр атаған деректерге қарағанда, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 35%-ға өсіп, $98,4 млрд-ты құрады. Экспорт бойынша көрсеткіш 47,5%-ға ($63,8 млрд), өңделген тауарлар экспорты 37,5%-ға ($19,3 млрд) өсті. Импорт $34,6 млрд-ты құрады (16,5%-ға өскен). Жалпы Қазақстанның оң сауда теңгерімі $29,3 млрд-қа жетті (2,2 есе өскен).


Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, мемлекеттік бюджетке 12 трлн 427 млрд теңге кіріс түсті (жоспар 104%-ға орындалды). Атап айтқанда, республикалық бюджет 8,4 трлн теңгеге (102%), жергілікті бюджеттер 4 трлн теңгеге (108,5%) толықты. Мемлекеттік бюджет шығыстары 96,7%-ға, оның ішінде республикалық бюджет шығыстары 98%-ға (14,5 трлн теңге), жергілікті бюджеттер шығыстары 94%-ға (8,1 трлн теңге) орындалды.


Жиында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов та баяндама жасады.


Премьер-Министр Әлихан Смайылов бүгінгі таңда ел экономикасы қалыпты өсу қарқынын сақтап отырғанын, нақты сектор экономиканы тұрақтандырудың негізгі факторы ретінде дамудың оң үрдісін көрсетіп отырғанын атап өтті. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,3%-ға, машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 7,7%-ға, ауыл шаруашылығында 8%-дан астамға өсті.


Әлихан Смайыловтың айтуынша, ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту – экономикалық өсудің маңызды факторы. Жалпы аталған кезеңде негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 6,7%-ды құрап отыр.



«Оның ішінде экономиканың шикізаттық емес салаларына тартылған инвестиция көлемі ұлғайып келеді. Инвестицияның жоғары өсімі жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда, сондай-ақ көлік және қоймалау, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіпте тіркелді»,- деді Премьер-Министр. 



Үкімет басшысы барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша Қостанай, Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында өсім бар екенін қоса айтты.


Әлихан Смайылов тұрақты даму қарқынын ұстап тұру үшін экономиканы әрі қарай әртараптандыру, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. 



«Өңір әкімдіктері жоспарланған көрсеткіштерді қамтамасыз етіп, инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруы қажет. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыруға тұрақты мониторинг жүргізуі тиіс»,- деді ол. 



Одан бөлек, Премьер-Министр бағаның өсуін тежеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау керек екенін айтты. Себебі азық-түлік тауарлары бағасының өсуі инфляцияға айтарлықтай әсер етіп келеді.



«Бұл, бірінші кезекте, әкімдіктер тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді», деді Әлихан Смайылов.



Сөз соңында Үкімет басшысы өңірлер осы жылдың соңына дейін әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізіп, Мемлекет басшысы қойған міндеттердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуі қажеттігін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #бюджет #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – жаңару мен бірліктің жарқын көрінісі: АМБК-дағы мерекелік үш күн

Бүгін 16:30

Алматыны дамыту: Президент қала әкіміне көлік және цифрландыру бағыттарын күшейтуді тапсырды

Бүгін 16:27

Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсету сапасы талқыланды

Бүгін 16:11

Талдықорғанда 62 жастағы әйел есірткі сақтап, таратты деген күдікпен ұсталды

Бүгін 15:53

Алматыда көпір астынан ер адамның мәйіті табылды

Бүгін 15:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика