ffin.kz

Қазақстан Берлинде садақ атудан әлем чемпионатына қатысып жатыр

Қазақстан Берлинде садақ атудан әлем чемпионатына қатысып жатыр Сурет: ашық дереккөз

Берлинде садақ атудан әлем чемпионатының жалауы көтерілді.


Байрақты бәсекеге Қазақстан ұлттық құрамасы қатысып жатыр. Германия астанасына дүниежүзінің 80 елінен 600-ге жуық спортшы жиналған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Еліміздің намысын 12 мергеніміз қорғайды. Олар жарыстың 2 түрі бойынша сайысқа түспек. Садақ атудан әлем чемпионаты 2 жылда бір рет өтеді. Биыл халықаралық сайыс Германияда ұйымдыстырылып отыр. Берлинге әр елдің ең үздік спортшылары жиналған. Олардың арасында алматылық Виктория Лян бар. Жерлесіміз спорттың бұл түрімен 11 жылдан бері айналысып келеді. Ұлттық құрама шеңберінде ірі халықаралық жарыстарға талай мәрте қатысқан. Германияда да жеңіс тұғырына көрінуді мақсат етеді.  



Виктория Лян, садақ атудан Қазақстан құрамасының мүшесі: - Алғашқы іріктеуде 360 ұпайдың 350-ін жинадым. Бірақ екінші кезеңде ауа райы бұзылып, жақсы өнер көрсетуіме біршама кедергі болды. Жеңіске деген құлшыныс зор. Әрине үнемі жеңіп отырғың келеді.  



Виктория Лянмен бірге халықаралық сайысқа 12 спортшымыз қатысып жатыр. Олардың арасында тәжирбесі мол шеберлермен қатар жас таланттар да бар. 



Ақбарәлі Қарабаев, садақ атудан қазақстан құрамасының мүшесі: - Мен біздің командамыздың ішіндегі ең үлкенімін. Спорттың бұл түрімен 2005-ші жылдан бері шұғылданамын. Биыл 18 жыл болады. Өте күрделі спорт. Техникалық, психологиялық және физикалық тұрғыдан өзіндік ерекшеліктері көп. Жарысқа Талдықорғанда күн ыстықта дайындалған едік мында ауа райы өзгеше болып тұр. 



Берлинде жарысқа қатысушылар қолайсыз ауа райына тап болды. Күн бұзылып, жауын жауып, жел соғуда. Жарыста бәсекелестік өте жоғары. Жалпы садақ атудан әлемде Оңтүстік Корея, АҚШ, Италия, Нидерланд мергендері ең мықты саналады. Бірақ жеңіп шығуға мүмкіндік мол дейді құрамамыздың бас бапкері.



Бауыржан Жолдыбаев, Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы: - Жалпы дайындық жақсы болды, бірақ ауа райына қатысты кішкене балалар дұрыс өзін жақсы нәтижелер көртесете алмады. Енді келесі күнге жақсылап дайындалып, командалық есепте жақсы өткіземіз деп ойлаймыз. Бұл садақ атуда көпнесе корейліктер, Еуропа елдері жақсы атады. Енді біздің команда әлі жас болғандықтан жәймен жәймен жылсайын, жарыс сайын жақсы нәтижелерге жетіп жатыр. Енді жақсы үміттеміз.



Берлиндегі халықаралық сайыс осы аптаның соңына дейін жалғасады. Үздіктердің үздігі Париждегі Олимпиада ойындарына жолдама алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13