конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Әзірбайжанға 200 мың тонна дәнді дақылда...

Қазақстан Әзірбайжанға 200 мың тонна дәнді дақылдары экспорттайды

Әлеумет 11.01.2023, 09:46 1,194
Қазақстан Әзірбайжанға 200 мың тонна дәнді дақылдары экспорттайды
turkystan.kz

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Әзірбайжан Үкіметі арасындағы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



«2010 жылғы 29 сәуірден бастап Қазақстан Халықаралық өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі конвенцияның (ХӨКҚК) мүшесі саналады. Қазақстан Республикасының қабылданған халықаралық міндеттемелері фитосанитариялық іс-шаралар бойынша халықаралық стандарттардың сақталуын және қолданылуын көздейді. Осы талаптарды сақтау екі ел аумағында тиісті фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз етеді», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.



Келісімді ратификациялау бойынша заң жобасын қабылдау мыналарды қамтамасыз етеді:


- карантинге жатқызылған өнімнің орнын ауыстыру кезінде елдердің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында одан әрі ынтымақтастықты дамыту;


- екі ел аумағының фитосанитариялық жай-күйі туралы өзара хабардар ету;


- зерттеу және диагностикалау тәжірибесімен алмасу бөлігінде өсімдіктер карантині жөніндегі ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру.



«Қазіргі кезде Қазақстаннан Әзірбайжанға өсімдік шаруашылығы өнімдері экспортының жалпы көлемі шамамен 200 мың тоннаны құрап отыр. Оның ішінде негізгі көлем дәнді дақылдар (бидай, арпа, сұлы) болса, сондай-ақ экспортқа шығарылатын өнімнің біраз бөлігі күріш пен бұршақ дақылдарынан тұрады. Өз кезегінде Әзірбайжаннан Қазақстан аумағына жылына шамамен 14,5 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдері келеді. Әзірбайжаннан келетін импорт негізінен алма, алмұрт, анар, жүзім, жаңғақ және цитрус жемістері түрлерінен тұрады», - деді министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Әзірбайжан #дақылдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

250 мың көрермен жиналды: Қарағандыда Кеншілер күніне арналған ауқымды концерт өтті

Бүгін 17:05

Мектеп автобустары және қашықтан жұмыс істеу: Алматы әкімдігі көлік жүктемесін азайту үшін қандай шаралар қабылдады

Бүгін 16:34

Үржар ауылындағы әуежай терминалы жаңғыртылып жатыр

Бүгін 16:06

Атырауда 277 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған күдіктілер ұсталды

Бүгін 15:02

Ғабит Мүсірепов театры Шри-Ланкадағы халықаралық фестивальде екі жүлде иеленді

Бүгін 14:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);