AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум /  Қазақстан атом энергетикасының жаңа кезеңіне дайы...

 Қазақстан атом энергетикасының жаңа кезеңіне дайын

АЭС: Референдум 04.10.2024, 09:45 1,182
 Қазақстан атом энергетикасының жаңа кезеңіне дайын
Сурет ЖИ көмегімен салынды
 

Баршаңызға белгілі, бүгінгі таңда біз әлемдегі реакторлардың 40%-ын уранмен қамтамасыз етіп отырмыз. Қазақстан – уран өндіру бойынша көшбасшы мемлекет, әрі әлемдік атом энергетикасы нарығындағы негізгі ойыншы. Алайда, алдағы уақытта Қазақстан өзінің ядролық әлеуетін ішкі қажеттіліктерге де бағыттауы керек.

Бұл мәселеде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 қазанда өтетін жалпыхалықтық референдум аса маңызды рөл атқарады. Референдумда оң шешім қабылданса, «Қазатомөнеркәсіп» тек әлемдік нарыққа уран жеткізумен ғана шектелмей, еліміздегі АЭС-ті отынмен қамтамасыз етуге толық дайын болады.

Біз үшін ең бастысы – атом энергиясын тек бейбіт мақсатта пайдалану. Қазақстанның бұл салада мол тәжірибесі мен дамыған инфрақұрылымы бар. «Қазатомөнеркәсіп» халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істеп келеді, әсіресе Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаймыз. Біз уранды өндіру мен өңдеу бойынша әлемдік стандарттарға сай әрекет етіп, Қазақстанның ядролық саласындағы беделін нығайтып келеміз.

Әлемде атом энергетикасына сұраныс артып келеді. Бүгінгі таңда 439 ядролық реактор жұмыс істеп тұр, ал тағы 64 реактор құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың жартысы Қытайда, Үндістанда 7 реактор бар, ал Ресей, Түркия және Мысыр елдерінде 4 АЭС салынып жатыр. Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Жапония және басқа да елдерде атом энергетикасы қарқынды дамуда.

Жер шарындағы халық санының өсуі, экономикалық даму және урбанизация энергияға деген сұранысты арттырып отыр. Дүниежүзілік атом қауымдастығының мәліметінше, мемлекеттер энергия өндірісін арттырумен қатар, парниктік газдардың шығарылуын азайтуға да ерекше көңіл бөлуде. Атом энергиясы – осы мәселелерді шешудің ең тиімді жолдарының бірі, өйткені ол тұрақты, сенімді және экологиялық таза энергия көзі.

Қазақстан үшін АЭС салу елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, халықаралық аренада өзінің энергетикалық держава ретіндегі рөлін күшейтуге мүмкіндік береді. Атом энергиясы елімізді энергия тапшылығынан құтқарып, экономикалық өсімге жол ашып қана қоймай, жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге де септігін тигізеді. Бұл Қазақстанның алдағы кезеңдегі даму стратегиясында маңызды орын алады.

Егер 6 қазанда өтетін референдумда оң шешім қабылданса, біз, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы, еліміздің атом электр станциясын уранмен қамтамасыз етуге және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша барлық қажетті шараларды іске асыруға дайынбыз. Қазақстанның бай табиғи ресурстары мен халықаралық тәжірибесі атом энергетикасын дамытуға толық мүмкіндік береді. Бұл қадам біздің энергетикалық тәуелсіздігімізді күшейтіп, елдің болашағын жарқын етеді деп сенемін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қуаныш Омарбеков #референдум #қазатомөнеркәсіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Зулейха» спектакліне 1 жыл: қазақ сахнасындағы ерекше туындының мерекелік көрсетілімі өтеді

Бүгін 18:12

"Құнды кадр“. Жетісуда қар барысы видеоға түсіп қалды

Бүгін 17:34

Бейжіңдегі марафонда роботтар алғаш рет адамдарды басып озды

Бүгін 16:29

Almaty Half Marathon шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңартты

Бүгін 15:10

Санаулы күнде виза алу: инвесторлар мен бизнес өкілдерінің Қазақстанға келуі жеңілдей түсті

Бүгін 14:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика