Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстан әскері «Әлем жауынгерінің» әскери-қолдан...

Қазақстан әскері «Әлем жауынгерінің» әскери-қолданбалы сайысында үздік атанды

Әлем 21.08.2022, 12:00 1,192
Қазақстан әскері «Әлем жауынгерінің» әскери-қолданбалы сайысында үздік атанды
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық артиллеристердің, әскери топографтар мен атқыштардың халықаралық армия ойындары байқауларындағы сенімді жеңістерінен кейін Қазақстанның тағы төрт командасы Армения, Әзербайжан және Ресейдегі жарыс алаңдарында өнер көрсетуін жалғастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Дилижанда (Армения) өтіп жатқан «Әлем жауынгері» байқауының «Ратник» кезеңінде қазақстандық команда ерлер арасындағы әскери-қолданбалы кешенде жеңіске жетті. Екінші орында – Беларусь, үшінші орында – Ресей командалары. Дүйсенбіде атыс жаттығуларынан, әскери-медициналық және әскери-қолданбалы кешендерден тұратын кезеңнің соңғы нәтижелері шығарылады.



Кабардино-Балкарияда «Терскол» тау дайындығы оқу орталығында «Эльбрус сақинасы» конкурсында көшбасшылық үшін табанды күрес жалғасып жатыр. Бір күн бұрын әскери альпинистер тоғызыншы арнайы тапсырманы орындады. Жартас учаскесінен өту жарысында Қазақстан командасы үшінші нәтиже көрсетті. Бірінші орында – Ресей командасы, екінші орында – Өзбекстан.



Бүгін байқауға қатысушылар Ирик шатқалынан (2 800 м) Кіші Азау мұздығына (3 264 м) 25 шақырымдық жаяу марш жасайды. Дүйсенбі күні байқауға қатысушылар мұз учаскесінде көтерілу/түсу және зардап шегушіні тасымалдауға арналған арнайы тапсырмаларды орындайды.


Мәскеу түбіндегі «Алабино» полигонында Қазақстан командасының танкистері «Танк биатлоны» жартылай финалдық эстафетасының өтетін күні мен қарсыластарын анықтайтын жеребе тартуды күтіп отыр. Әзербайжандағы «Теңіз кубогі» байқауында 22 тамызда қатысушылар жауынгерлік жүзушілер шеберлігінде бақ сынайды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #әскер #Армия ойындары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда су басу қаупінің алдын алу үшін қызметтер тәулік бойы кезекшілікке көшірілді

Бүгін 22:35

Алматыда «Қаладағы заң» атты жастар квесті басталды

Бүгін 20:45

Бокстан Бразилиядағы әлем кубогына шолу

Бүгін 18:48

200 қазақстандық оқушы Хьюстондағы робототехникадан әлем чемпионатына қатысады

Бүгін 18:41

Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика