Қазаққа тән түстер табиғаты: сөзбен салынған сурет

Қазаққа тән түстер табиғаты: сөзбен салынған сурет Сурет: fullhdoboi.ru

Түстер әлемі - тіл мен таным айнасы

Кей түстердің реңкін көзбен көріп, түйсінеміз, бірақ оны сөзбен дәл суреттеу кейде қиын. Ал қазақ тілінде түс атауларының байлығы тілдің де "реңкін" аша түседі. Aqshamnews.kz тілшісі түстерге тән кейбір атаулар мен зерттеушілердің қызықты деректерін талдап көрді. 

Зерттеушілердің дерегінше, қазақ тілінде 1230-дан астам түр-түс атауы бар. Оның 15-і негізгі, ал 300-ге жуығы туынды және өтпелі реңктер.

Қылқалам шеберлері бояумен сурет салса, қазақ сөздің қуатымен-ақ мыңдаған реңк жасай алған. 

 Түстердің жылысы мен суығы

Түстер екіге бөлінеді:

  • Жылы түстерге: сары, қызыл, қызғылт сары, қоңыр жатады.
  • Суық түстерге: көк, күлгін, көгілдір және жасыл түстер енеді.

Мысалы, күннің түсі - жылы, аспанның көкшіл түсі - суық.

Қазақ түсінігіндегі бояулардың мәні

Қазақ халқы түстерге тек көздің әсері ретінде емес, рухани және мәдени символ ретінде қараған.

Белгілі ғалым Әлкей Марғұлан былай дейді:

«Көк түс - көкке табынудың, аспанның символы.
Қызыл - от пен күннің,
Ақ - шындық пен қуаныштың,
Сары - ақыл-ойдың,
Қара - жердің,
Жасыл - көктем мен жастықтың белгісі».

Сонымен қатар, дәстүрлі дүниетаным бойынша әлем төрт бағытқа бөлінеді:
шығыс - көк, оңтүстік - қызыл, солтүстік - қара, ал батыс - ақ түспен бейнеленген.

Сөзбен сурет салған қазақ

Қазақ халқы түс пен реңкті дәл ажырата білген. Әр түстің сан алуан атауы бар, олардың көбі жылқының түсіне, табиғат көріністеріне, не жануар түрлеріне байланысты айтылады. Жазушы-этнограф Төрахан Майбас қазаққа тән түстерді былай жіктейді: 

Ақ түс - тазалықтың нышаны.
Ағырақ (солғын ақ), әппақ (шымқай ақ), ақшыл (аралас рең).

Қара түс - тұрақтылық пен тереңдіктің символы.
Байқара, қаралжық, баран, байқоңыр секілді реңктер осы түстен тарайды.

Қызыл түс - қуат пен оттың түсі.
Алқызыл, қып-қызыл, қызғылт, қызғылтым сияқты реңктер қызылдың бай әлемін көрсетеді.

Сары түс - ақыл мен даналықтың белгісі.
Сап-сары, сарғылт, сарғылтым, шикілсары, сарыала - сарының сан бояуы.

Көк түс - аспан мен мәңгіліктің белгісі.
Көгілдір, көкшіл, көкпеңбек, қаракөк - суық әрі тұңғиық реңктер.

Қоңыр түс - табиғилық пен байыптылықтың бейнесі.
Қоп-қоңыр, қоңырлық, байқоңыр - сабыр мен тұрақтылықты сипаттайды.

Жасыл түс  - жастық пен көктемнің түсі.
Жасылдау, жап-жасыл, жасылырақ - табиғаттың тіршілігін бейнелейді.

Түстердің тұрмыстағы көрінісі

Қазақ өмірінде түс тек бояу емес - бейнелеу тәсілі.

  • Киімде, ою-өрнекте, киіз үй жабдықтарында түстер үйлесімі қатты сақталған.
  • Табиғат құбылыстары түспен аталған: бозала таң, қызыл іңір, ақ боран.
  • Адам түр-сипатын сипаттауда да қолданылған: ашаң жүз, сұрша қыз, сарғыш өң.

Этнограф Төрехан Майбас «Қазақ баласы негізгі төрт түстің қырық реңкін жазбай таниды. Бұл - халықтың түске деген терең танымының дәлелі», - деп келтіреді. 

Қазақ тілінде түстердің нәзік айырмашылығын айыра білу - сөз өнерінің бір бөлігі.

Халық «бурыл сиыр» демей, «тарғыл сиыр» дейді;
«бөрте ешкі», «бурыл байтал» секілді нақты атайды.
Бұл – тілдің дәлдігі мен мәдениеттің нәзіктігі.

Қазақ үшін түс - бояу ғана емес, дүниетаным мен өмірлік философияның бір бөлігі.
Түстер арқылы халық табиғатты, мінезді, көңіл-күйді бейнелеген.
Сондықтан түр-түс атаулары - қазақ тілінің байлығы ғана емес, ұлт руханиятының көрінісі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:03

17:27

17:02

16:53

16:44

16:31

16:13

15:56

15:45

15:32

15:21

15:20

15:12

15:02

14:44

14:35

14:28

14:11

13:02

12:41

12:24

12:12

12:01

11:47

11:22