ffin.kz

"Қазақфильм" қызметкерлерінің жалақысы өседі

"Қазақфильм" қызметкерлерінің жалақысы өседі Сурет: Kazakhfilmstudios.kzм

Бұл туралы киностудия ұжымымен басшылықтың кезекті жиналысында айтылды.


Кездесуде «Қазақфильм» киностудиясының ұйымдастыру құрылымы мен еңбекақы төлеу тетігінің жобасын әзірлеу жөніндегі қызметкерлер мен жұмыс беруші өкілдері комиссиясының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Киностудия президенті Ақан Сатаевтың айтуынша, қазіргі уақытта арнайы комиссия даму векторларын, еңбекақы төлеуді қалыптастыру принциптерін және ұйымдастыру құрылымын анықталды. Ұйымның штаттық құрамы мен саны қалыптастырылды.



«Сіздерді жақсы жаңалықпен қуантқым келеді. 1 қыркүйектен бастап жалпы киностудия бойынша қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 30%-ға өседі. Мәдениет министрлігі тарапынан, питчингте өз жобаларын қорғаған авторлар тарапынан үлкен қолдау көрсетілді. Біз жалақыны көтердік және осымен шектелмейміз деп үміттенемін. Осы орайда студияның жетістігі әрқайсымызға байланысты екенін атап өткім келеді. Сондықтан сіздерді әрі қарай да жауапты болуға және жақсы жұмыс істеуге шақырамын», - деді А.Сатаев.



Кездесу барысында киностудияның сценарийлік-редакциялық алқа жұмысы барынша қолға алынатыны айтылды.


Ұйымдастыру құрылымын реформалауда басты назар сценарийлік-редакциялық алқаның жұмысына және отандық көрермендер талап ететін сапалы фильмдер шығаруға аударылады. Киностудияға арналған классикалық бөлімшелерден басқа құрылымға ғылыми-зерттеу кинолабораториясы, киностудияның цифрлық трансформациясына жауап беретін бағдарламалық-техникалық басқару және даму бөлімі енгізіледі. Сондай-ақ, маркетинг бөлімі мен баспасөз қызметінің жұмысын күшейту жоспарлануда.


Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылады. Бүгінде киностудия «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» жүргізген питчинг нәтижелері бойынша, сондай-ақ құқығы «Қазақфильмге» тиесілі классикалық қазақстандық кино қорын реставрациялау бағдарламасын іске қосу бойынша жұмысқа кірісті.


Киностудияда 2021 жылы басталған белсенді жаңғырту бағдарламасы жалғасуда. Инженерлік желілер мен ғимараттарға техникалық қайта жарақтандыру, күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ түсірілім павильондарын салу көзделеді. Аталған жұмыстар киностудияны жаңа халықаралық деңгейге шығаруға және Орталық Азия өңірінде жетекші орынға шығуға мүмкіндік бермек.


Жаңғырту аясында үш негізгі ғимаратта: пленкалы-зертханалық кешен, 2 павильонды блок пен тон-студияда жұмыстар басталды. Сондай-ақ, тағы да қосымша үш ғимарат салу жоспарлануда. Бұл - екі павильонды және бір үлкен қойма блогы. Сондай-ақ, жазғы кинотеатр мен мұражай салу міндеті де қойылған. Киностудияның барлық инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07