Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / «Қазақфильм» кинотуындылары Еуропа нарығында таныл...

«Қазақфильм» кинотуындылары Еуропа нарығында танылуы мүмкін

Не? Қайда? Қашан? 20.02.2023, 09:20 2,096
«Қазақфильм» кинотуындылары Еуропа нарығында танылуы мүмкін
Сурет: Tengrinews.kz

Германияда Берлинале халықаралық кинофестиваль аясында Еуропа кинонарығы өтіп жатыр.


Бұл – Еуроодақтағы кино саласының өкілдері мен жалға берушілер бас қосатын ірі алаң. Компаниялар туындыларын ұсынып, сала мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Биыл оған Шәкен Айманов атындағы киноиндустрия қатысып жатыр. Олар Берлинде жаңа серіктестер тауып, отандық киноны ілгерілетуге ниетті. Отандық мамандар Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы», Болат Қалымбетовтың «Мұқағали», Дәрежан Өмірбаевтың «Ақыны» секілді картиналарды апарған. Жалпы, Қазақфильм қоржынында 800 кинотуынды бар.



«Қазақфильм үшін Еуропаның кинонарығына қатысу стратегиялық тұрғыдан өте маңызды. Шығармашылық алаң Қазақфильмге өзінің контентін ұсынып, ынтымақтастықты дамыту жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Біз Еуроодақ елдерімен кездесулер өткізіп жатырмыз. Латын Америкасымен байланыс орнатсақ деген ниетіміз бар», - дейді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ дистрибуция бөлімінің басшысы Лаура Сабанбаева.


«Біз ірі кинофестивальдерге ғана емес, режиссерлерге өз туындыларын көрсетуге мүмкіндік беретін өзге де шараларға қатысуға дайынбыз. Мысалы, Коттбус фестиваліндегі басқосулар өте нәтижелі болды. Бұл – Берлиналеден кейінгі танымал фестиваль. Биыл олар Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатуды жоспарлап отыр. Біз өз кезегінде мұндай шығармашылық тәжірибеге дайынбыз», - дейді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ халықаралық бөлімінің менеджері Айжан Қасымбекова.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақфильм #кинотуындылар #нарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика