AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / "Қазақфильм" кинопрокатқа қандай фильмдер ұсынады?

"Қазақфильм" кинопрокатқа қандай фильмдер ұсынады?

Не? Қайда? Қашан? 11.04.2022, 10:33 2,396
"Қазақфильм" кинопрокатқа қандай фильмдер ұсынады?
Сурет: Inform.kz

"Қазақфильм" киностудиясы Голливуд фильмдерінің орнына сәуір айынан бастап кинотеатрлар прокатына қандай фильмдер ұсынатыны белгілі болды.


Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ 14 сәуірден бастап Дарежан Өмірбаевтің «Ақын» атты жаңа фильмін шектеулі прокатқа шығарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Бұған дейін аталмыш картина Токиода өткен беделді халықаралық кинофестивальде «Үздік режиссер» номинациясы бойынша жүлдегер атанған болатын.


Қазіргі уақытта киностудияда «Біздің сүйікті дәрігер-2» фильмі түсіріліп жатыр. Айта кетейік, бұл туындының атауы «Бізге дәрігер керек» болып өзгертілді. Жақын уақытта қазақстандық көрермендер үшін Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» блокбастерінің премьерасы өтеді. Жоба бұрын «Қасым хан» деген атпен танымал болған.



«Бұл біздің еліміздің тарихындағы басты тұлғалардың бірі – Қасым хан туралы ауқымды хикая. Аты аңызға айналған билеуші XV-XVI ғасырлар аралығында қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен символдың біріне айналды. Дәл осы уақыт аралығы көбіне Қасым ханның арқасында біздің мемлекеттілігіміз бен ұлы қазақ даласының гүлдену кезеңі саналады. Көптен күткен жоба 12 мамырда жарыққа шығады», - деді «Қазақфильм» АҚ өкілі Кәрім Қадырбаев.



Сонымен қатар киностудияда алдағы уақытта болатын ұлттық кино орталығының питчингіне дайындық жүріп жатыр. Осы жобаға қатысу үшін Қазақфильм креативті идеясы бар жас, талантты авторларды бірлесе еңбек етуге шақырады.



«Қазақфильм» еліміздің жалғыз мемлекеттік киностудиясы ретінде кинематографистер мен көрермендердің кейінгі буыны алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруда жас режиссерлер мен сценаристерге толық көмек көрсетуге дайын», - деді спикер.



Еске салайық, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде ведомство басшысы Дәурен Абаевтың төрағалығымен кинопрокат нарығында танылған отандық компаниялар басшыларымен кеңес өтті. Кездесу киноиндустрияны дамыту мәселелеріне арналды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақфильм #Прокат #ақын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);