AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «ҚазақАвтоЖол» иелігіндегі 1117 техниканың жартысы...

«ҚазақАвтоЖол» иелігіндегі 1117 техниканың жартысы ескірген – мекеме директоры

Әлеумет 15.08.2022, 16:23 1,137 Almaty-akshamy
«ҚазақАвтоЖол» иелігіндегі 1117 техниканың жартысы ескірген – мекеме директоры
Сурет: Egemen.kz

Қысқа әзірлік басталды


«ҚазақАвтоЖол» ЖШС бас директоры Самат Қуанышұлы компания иелігіндегі техниканың жартысын есептен шығару керектігін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің ұйымдастыруымен өткен ZOOM форматындағы кеңесте республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау, жауапты ведомстволардың қысқы маусымға әзірлігі талқыланды. Кеңесте сөз алған «ҚазақАвтоЖол» ЖШС бас директоры Самат Қуанышұлы биылғы қысты ойдағыдай өткізу үшін жеке меншіктен 400 техниканы жалға алу туралы келісімшарт жасалу қажеттігін атап өтті.



«ҚазақАвтоЖолды» түрлі мекемелерге беріп, талай эксперимент жасалды. Қазір бізге 2836 техника қажет. Қолымызда тек 1117 техника бар. Оның 524-і кейінгі 3 жылдан бері ешқандай жөндеу көрмеген. Оларды баланстан алып, есептен шығаруға дайын тұр. Сондықтан жөндеуге, қосалқы бөлшектер алуға 500 млн теңге бөліп отырмыз. Бұл жеке меншікте болғанның да әсері деп есептейміз. Бірақ бізге қосымша бөлінген ақшаға 400 техниканы жалға алу туралы келісімшарт жасау үшін порталға тендер шығардық. Бұл енді ұзақтау процесс», - деді серіктестіктің бас директоры.



Сондай-ақ компания еңбекақы 30 пайызға артқанмен, білікті мамандарды ұстап тұруда қиындық бар екенін жеткізді.




«Сіздердің қолдауларыңызбен еңбекақы мөлшерін 30 пайызға көбейттік. Сондықтан жұмысшылар тапшылығы сәл сейілді. Бірақ жоғары білікті мамандардың көптеп кетуі ықтимал», - деді Самат Қуанышұлы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #техника #Қар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика