AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Қазақ ұлттық хореография академиясы дарынды балала...

Қазақ ұлттық хореография академиясы дарынды балаларды іріктеуді бастады

Хабарлама 06.03.2025, 14:56 1,041
Қазақ ұлттық хореография академиясы дарынды балаларды іріктеуді бастады
Сурет: Gov.kz

Қазақ ұлттық хореография академиясы 3–4-сынып оқушылары арасында іріктеу басталғанын хабарлайды.

 Дарынды балаларды қабылдау Қазақстанның барлық өңірлерінде өтеді және 2025 жылдың 24 сәуіріне дейін жалғасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Академия кәсіби балет әртістерін, хореография педагогтарын және осы саладағы зерттеушілерді даярлайтын еліміздегі жетекші оқу орны болып табылады. Оқыту көп деңгейлі жүйе бойынша жүргізіледі – бастауыш сыныптан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына дейін қамтиды. Білім беру процесінде классикалық және заманауи хореографияны тереңдетіп оқытумен қатар, жалпы орта және жоғары білім беру бағдарламалары да ұсынылады. Бұл түлектерге әлемнің жетекші театрлары мен оқу орындарында кәсібін жалғастыруға мүмкіндік береді.

Іріктеу барысында кәсіби хореография саласында оқуға бейімі бар дарынды балалар анықталады. Академияның қабылдау комиссиясы балаларды қарау үшін аймақтарға арнайы барады. Алдын ала іріктеуден сәтті өткен үміткерлер 2025 жылдың маусым–шілде айларында Астанада өтетін түсу емтихандарына шақырылады. Емтиханды сәтті тапсырған оқушылар Академияның толыққанды білім алушылары қатарына қосылып, хореография өнерінің қыр-сырын меңгеру мүмкіндігіне ие болады.

Іріктеу өткізілетін күн, уақыт және орын туралы толық ақпарат Академияның ресми әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады: https://www.instagram.com/balletacademy_kz, https://balletacademy.edu.kz/kz, https://www.facebook.com/BALLETACADEMYKZ/ 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұлттық хореография академиясы #дарынды балалар #Іріктеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Бүгін 19:11

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);