AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақ ұлттық брендімен ғана танымал болады

Қазақ ұлттық брендімен ғана танымал болады

Мәдениет 29.07.2021, 15:34 2,293
Қазақ ұлттық брендімен ғана танымал болады
Сурет: Рrimeminister.kz

Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы тарихи естеліктерге бай зияткерлік және рухы жоғары қоғамды қалыптастыру мен дамытудың пәрменді тетігі бола алады.


Ұлттық брендтерді дамыту жөніндегі онлайн-кеңеске төрағалық еткен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Рrimeminister.kz сайтының хабарлауынша, кеңеске орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты, аталған бағыттар бойынша жол карталарын әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берілді. 



«Қазақстан өзінің ұлттық жобалары мен брендтерін дамытуы тиіс, осы құндылықтар арқылы Қазақ елінің танымалдылығы артады. Бұл халықтың рухын көтеріп, қазақстандық бірегейлікті айқындайтын ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуда ел тұрғындарын бірігуге көмектеседі», — деп атап өтті Ералы Тоғжанов. 



Қазіргі уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі жол картасы іске асырылуда. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы тарихи естеліктерге бай зияткерлік және рухы жоғары қоғамды қалыптастыру мен дамытудың пәрменді тетігі бола алады. «Қазақ күресін» жаппай дамыту он жыл бұрын «Қазақстан Барысы» жобасын жүзеге асырудан басталды. Танымалдық деңгейінің артуы «Әлем барысы» және «Еуразия барысы» секілді халықаралық іс-шараларда байқалуда. Бүгін «Қазақстан барысы» халық өнерін жандандыру және ұлттық ойындарды насихаттау бойынша өзіндік сайыс түрі болып қалыптасты. Жыл сайын турнирге 9 мыңнан астам жанкүйер, 2 млн-нан астам көрермен қатысады. Бұл жоба халықтың зор қолдауына ие болды. 



Күн тәртібіндегі екінші мәселе қазақы Қазанат (Қостанайлық тұқым) жылқы тұқымын дамытуға қатысты болды. Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер бетіне Ұлы даладан таралғаны тарихтан белгілі. Жаһандық деңгейде бұл шаруашылық және әскери салада бұрын-соңды болмаған жаңашылдыққа жол ашты. Бүгінгі күні қазақы Қазанат (Қостанайлық тұқым) тұқымындағы жылқыларды қалпына келтіру мен сақтау бойынша жол картасы әзірленді. Тарихи ескерткіштер мен мәдениеттің мемлекеттік тізіміне «Патшалық жылқылар қоражайы» («Царская конюшня») ғимараттарын қосу және Қазанат тұқымындағы жылқыларды асыл тұқымдық сынау жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #ұлттық бренд #Қазақстан #тоғжанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);