Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақ тілін үйретуге үлес қосып жүрген жан

Қазақ тілін үйретуге үлес қосып жүрген жан

Әлеумет 06.04.2023, 13:14 978
Қазақ тілін үйретуге үлес қосып жүрген жан
Сурет: Assembly.kz

Алматыдағы республикалық Достық үйінде «Қазақ тілі» клубы бар.


Аталған клуб 2021 жылдың қазанынан бері жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Қазақ тілі» клубына қатысушыларға Оксана Нәбиева есімді жас маман сабақ береді. Қазақ тілін жетік меңгерген Оксананың жасы 26-да. Жас та болса, ол 108 сабақтан тұратын өзінің жеке авторлық әдістемесін жасап үлгерген. Бүгінде сол бағдарламасының негізінде өзгелерге сабақ беріп жүрген жайы бар. Әдістеме авторы авторлық әдістемесінде этнос өкілдері мен барша қазақ тілін үйренемін деушілерге күнделікті қолданыстағы қарапайым тілді үйретуді көзгейді. Қазіргі таңда оның алдынан  241 адам офлайн және онлайн форматта қазақ тілін үйреніп жүр.



Тіл жанашыры Оксананың айтуынша, бүгінде қазақшасын жетілдіріп, оны үйренемін деушілер тарапынан қызығушылық артып келеді. Тіл үйренуге талпыныста оң динамика бар. Бір жылдан бері осы істі қолға алған Оксананың негізгі мамандығы  - қазақ тілінен орыс тіліне және керісінше орыс тілінен қазақ тіліне ілеспе аудармашы. Мектеп жасынан бастап, қазақ тіліне ден қойған жас маман «қазақшаны үйренуге құлқы жоқтарға» ниет болса, бәрі мүмкін екенін айтады.



«Тілді меңгеремін, үйренемін деген адам кез келген жерден мүмкіндік тауып, оқуға болады. Ақпарат аз, курс жоқ, кітап жоқ деген сөздердің бәрі – жай ғана сылтау. Себебі қазіргі 21-ғасырда мүмкіндіктер өте көп. Сол себепті тек оқу керек», - дейді Оксана Нәбиева.



Оксананың айтуынша, қазір қазақ тілі қажеттіліктен бұрын, сәнге айналған. Осыны ескерген ол әлеуметтік желідегі парақшасында да авторлық контентке мән берген. Яғни онда ол қазақ тіліндегі хит әндердің мағынасын түсіндіріп, күнделікті өмірдегі жайттарға сөздік қолданыстарды қазіргі заманның сұранысына сай қысқа да нұсқа етіп, оқырмандарына ұсынып жүр.


Оксана Нәбиеваның айтуынша, курсты бітіргендер А-2 деңгейін меңгеріп шығады. Яғни күнделікті өмірге қажетті тілдік нормаларды үйреніп, еркін сөйлей алады. Өткен жылы курсты 748 адам оқып шыққан.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақ тілі #курс #достық үйі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі

Бүгін 18:42

Зейнеткерлерге қай ел жайлы?

Бүгін 17:39

Алматыда Жамбыл атындағы кітапхананың мерейтойы мен ақынның 180 жылдығы аталып өтті

Бүгін 17:27

Табысы төмен отбасыларға ақша беріледі деген рас па?

Бүгін 17:17

Онкологиялық қызметті жаңғырту: қалада Құзырет орталығы іске қосылды

Бүгін 16:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі