Qazaq Stroy ата-анасынан айырылған төрт балаға баспана сыйлады

Qazaq Stroy ата-анасынан айырылған төрт балаға баспана сыйлады Сурет: Egemen.kz

Qazaq Stroy компаниясы ата-анасынан айырылған төрт балаға үш бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Балалардың әкесі Еркебұлан Сыдықбаев 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапса, анасы Сая Есенгелді жол-көлік апатынан мерт болған.

"Qazaq Stroy ұжымы ата-анасыз қалған төрт баланың тағдырына бей-жай қарай алмады. Сая Есенгелді балалары үшін өмірінің соңына дейін күресті, бұл бізді терең тебірентті. Бір-бірімізге қолдау көрсету – бізді мықты ұлт ететін қасиет. Сондықтан бұл балалардың баспанасыз қалуына жол бере алмадық", – деді компания өкілдері.

Компанияның негізін қалаушы Нұрлан Артықбаев балалар кәмелеттік жасқа толғанша оларға ай сайын 100 000 теңгеден жәрдемақы төлеп отыруды шешті.

"Біз балалардың қайғысын жеңілдете алмаймыз, бірақ олардың болашағы үшін қол ұшын соза аламыз. Қазақтың күші – бірлігінде, бір-біріне демеу болуында. Бұл үй балалар үшін үміт пен жылылық мекені болады деп сенеміз", – деді Нұрлан Артықбаев.

Qazaq Stroy компаниясы балаларға пәтердің кілті мен меншік сертификатын табыстады.

"Қайғыны сөзбен өлшеу мүмкін емес, ата-ананың орны толмайды. Бірақ біз жанашырлық пен мейірімнің әлемді жарық ете алатынына сенеміз. Сая Есенгелдінің туған-туыстарына көңіл айтамыз. Балаларына болашақта жылулық пен қамқорлық жетіспесін деп тілейміз", – деп мәлімдеді компания.

Кілт сөздер: Qazaq Stroy, қайырымдылық, жетім балалар, баспана сыйлау, Нұрлан Артықбаев, Қаңтар оқиғасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:02

13:40

13:37

13:30

13:27

13:24

13:18

13:09

12:43

12:32

12:28

12:21

11:39

11:36

11:33

10:57

10:39

10:35

10:33

10:30

10:23

10:19

10:11

10:06

10:02