AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Қазақ поэзиясының жарық жұлдызына 130 жыл

Қазақ поэзиясының жарық жұлдызына 130 жыл

Тұлға 23.06.2023, 12:34 1,883
Қазақ поэзиясының жарық жұлдызына 130 жыл
Almaty-akshamy.kz

Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, өшпес мұра қалдырған ұлы ақыны Мағжан Жұмабайдың 130 жылдық мерейтойына орай халықаралық ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.k


Конференция басталмас бұрын, қонақтар Мағжан алаңында ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.


Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров конференцияға қатысушыларды құттықтап, шығармашылықтарына табыс тіледі.


Конфенеренцияға көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Түркия Республикаларынан келген қонақтармен қатар, еліміздің белгілі ғалымдары, зиялы қауым өкілдері де қатысты. 


Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов конференцияның маңызын айта отырып, Мағжанның мұраларына аса жауапкершілікпен қарап, шығармаларының толық академиялық жинағын шығаруымыз керектігін атап айтты. 


«Мағжан - қазақ поэзиясына лириканың соны үлгісін әкелген, қазақ жырына еуропалық жаңа өрнек салған, артына өшпес рухани мұра қалдырған ұлы ақын», - деді М. Құлкенов.


Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағы атынан ұлы ақынның мерейтойына орай жоғары деңгейде конференция ұйымдастырған облыс әкімі А. Сапаровқа Алғыс хат табыс етті.


Конференцияға қатысқан баяндамашылар Мағжан Жұмабайдың шығармашылығы, саяси қоғамдық өмірі, қызметі жайында құнды деректерімен әдеби мәліметтерді толықтырды.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мағжан #Жұмабаев #ақын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);