AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қазақ елі кино корифейі Асанәлі Әшімовпен қоштасты

Қазақ елі кино корифейі Асанәлі Әшімовпен қоштасты

Барлығы 23.12.2025, 10:23 631
Қазақ елі кино корифейі Асанәлі Әшімовпен қоштасты
Аqshamnews.kz

Бүгін Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақ киносы мен театр өнерінің аңызы, көрнекті өнер қайраткері Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Өнер иесімен қоштасуға қалың жұртшылық жиналды, олардың қатарында елге танымал тұлғалар да бар.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Асанәлі Әшімовтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

"Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің отбасы мен жақындарына қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Асанәлі Әшімов бүкіл саналы ғұмырын театр мен кино өнеріне арнап, ұлттық мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Ол көптеген образды шебер сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сахна саңлағы әрі кәсіби киногер ретінде соңына өшпес із қалдырды. Жас өнерпаздарға бағыт-бағдар беріп, рухани сабақтастықтың сақталуына зор еңбек сіңірді. Өнердің туын биік ұстап, өнегелі ғұмыр кешкен Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын!" - деді ол. 

Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуі орны толмас қаза екенін атап өтті. Оның айтуынша, марқұм тірі кезінде елдің қоғамдық өміріне, қаланың мәдени іс-шараларына белсенді атсалысып, әрбір кездесуге терең мағына мен рухани салмақ дарыта білді.

"Асанәлі Әшімов театр мен кино өнерінің ұлы тұлғасы ғана емес, ұлттық рух пен руханияттың көрнекті өкілі болды. Ол саналы ғұмырын қазақ мәдениетін дамытуға арнап, өнер арқылы халықтың өзіндік санасын, болмысын және тарихын асқақтатты. Талай дарынды шәкірт тәрбиелеп, ұлттық өнерде өзіндік мектеп қалыптастырды. Оның шығармашылық мұрасы бүгінгі және келер ұрпақ үшін мәңгілік адамгершілік әрі мәдени бағдар болып қала береді", - деді қала әкімі.

Еске салайық, қазақ киносының корифейі, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов 21 желтоқсанда 89-ға қараған шағында өмірден озды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Асанәлі Әшімов #қоштасу #Кино
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сирияның Хасека провинциясында су тасқыны болып, жүздеген үйді су басты

Бүгін 09:20

26 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылады

Бүгін 08:47

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Кеше 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Кеше 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Кеше 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика