AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақ әнұраны алғаш рет Нью-Йорк сахнасында шырқал...

Қазақ әнұраны алғаш рет Нью-Йорк сахнасында шырқалды

Мәдениет 06.10.2025, 12:27 660 dulatbekova
Қазақ әнұраны алғаш рет Нью-Йорк сахнасында шырқалды
Сурет: Dimashnews.com

5 қазан күні Нью-Йоркте әлемге әйгілі Madison Square Garden аренасында алғаш рет Қазақстанның Әнұраны шырқалды.

 Бұл тарихи сәт Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты жеке концерті аясында орындалды. Мыңдаған көрермен алғаш рет ТМД елдерінен келген әртісті дәл осы әйгілі сахнада қарсы алды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Армандар орындалады: Madison Square Garden – жаңа белес

«Мен бала күнімнен осы жерде өнер көрсетуді армандайтынмын. Себебі Мохаммед Әли мен Майк Тайсонның жекпе-жектері, Трио тенорлардың әндері, Майкл Джексон, Уитни Хьюстон, Селин Дион, Андреа Бочелли сынды аңыздардың өнері мені шабыттандыратын», – деді Димаш концерт қарсаңында.

Бұл арман орындалды. Димаш бастаған Қазақстандық команда әйгілі сахнада ерекше бағдарлама ұсынды.

«Stranger» шоуы – стиль мен мәдениет тоғысы

Концерт Димаштың «Golden» әнімен басталып, көптілді репертуарымен жалғасты: «Smoke» (ағылшынша), «Олимпико» (итальянша), «Battle of Memory» (қытайша), ал алғаш рет орындалған «Love’s not over yet» композициясын екі мәрте «Грэмми» иегері Уолтер Афанасьев фортепианомен сүйемелдеді.

«Оның өнері шекараларды жойып, әр адамға әсер етеді. Мұндай энергетика сирек кездеседі», – деп атап өтті Уолтер Афанасьев.

Димаш БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі агенттігінің Аймақтық ізгі ниет елшісі ретінде сахнадан адамзатқа үндеу тастады. Ол гуманитарлық көмекті қолдауға шақырып, концерттің бір бөлігі қайырымдылыққа арналды.

Концерттің ерекше бөлігінде домбыра, сыбызғы, қобыз секілді ұлттық аспаптар таныстырылып, «Адай» күйі орындалды. Сондай-ақ, жаңа авторлық ән - туған жерге арналған «Самғау» композициясының премьерасы өтті.

«Бұл концерт – қазақ өнерінің жаңа деңгейге көтерілген сәті», – деп пікір білдірді домбрашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз.

Кеш барысында «Ұмытылмас күн», «Give Me Your Love», «Be With Me», «Махаббат бер маған», «Fire», «The Story Of One Sky» сияқты танымал туындылар орындалып, тыңдарманмен бірге айтылды. Кеш соңында «Дурдарай» әні орындалып, Димаш сахнадан көрерменді 8 қазан күні Мексикада өтетін келесі концертіне шақырды.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш #Концерт #Нью-Йорк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы базарларында ұлттық ойындар бойынша жастар фестивалі өтіп жатыр

Бүгін 17:14

Ұлттық құндылық: жоғалып бара жатқан мұра ма, әлде жаңаша жаңғыру ма?

Бүгін 17:12

Қазақстанның 180-нен астам оқушысы математикадан бақ сынады: Алматыда үздік жас зияткерлер марапатталды

Бүгін 16:56

Алматыда «AMANAT» партиясының ауқымды жобасы бастау алды

Бүгін 16:17

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Бүгін 15:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика