конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Qazaq AIR» компаниясына алты жүз мың теңгеден аст...

«Qazaq AIR» компаниясына алты жүз мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды

Әлеумет 16.01.2023, 04:52 1,335
«Qazaq AIR» компаниясына алты жүз мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды
skynewsaero.blogspot.com

Рейстің кешіктірілуінен аш қалған қазақстандық авиакомпанияны сотқа берді




Рейстің кешіктірілгені үшін жолаушыларды тамақтандырмаған «Qazaq AIR» авиакомпаниясы 600 мың теңгеден астам сома айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Ақтөбе-Астана» бағытындағы рейс 4 сағат 40 минитқа кешігіп, жолаушы тасымалдаушы компанияны сотқа берді.


Ақтөбе қалалық әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қала тұрғынының шағымын қарады.



Іс материалына сүйенсек, «Qazaq AIR» команиясының әуе рейсі 4 сағат 40 минутқа кешікті. Компания өкілі «Ақтөбе-Астана» бағытындағы рейстің кешігу себебін ұшақтың кеш келуімен байланыстырды. Сот отырысында шағым түсірген жолаушы рейстің кешіктірілуіне байланысты өзіне тамақ пен сусын берілмегенін айтты. ҚР «Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңына сәйкес, «Qazaq AIR» компаниясы жолаушыны тамақтандыруы тиіс болған.



Алайда тасымалдаушы компания өкілі шағыммен келіспеді. Сол күні рейстің кешіккені туралы алдын ала хабарлама беріліп, тамақ пен сусын таратылатыны туралы айтылған. Ал Д.Жанұзақ сағат 00.40-та ауқаттанғысы келген. Ол кезде акционерлік коғаммен келісімшартқа отырған дәмхана жабық болған. Жолаушыны тамақтандыру қиындығы содан туған. Сот отырысы кезінде «Qazaq AIR» компаниясының өкілі істі тоқтатуды сұрады.


Судья тараптарды тыңдаған соң, шешімін шығарды. Сот үкіміне сүйенсек, «Qazaq AIR» компаниясына 612 мың 600 теңге әкімшілік айыппұл салынды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақэйр #ақтөбе #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Ашықтық пен азаматтардың қатысуы артады»: халықаралық сарапшы Қазақстан Құрылтайының реформасын жоғары бағалады

Кеше 22:27

ӘЧ жұлдызы Возинья жаңа клуб тапты: Кабо-Верде қақпашысы Чилиге ауысады

Кеше 16:45

Дастан Сәтпаев "Челси" сапында 36-нөмірмен өнер көрсетеді

Кеше 15:19

Көкшетауда көлік жуу кешенінде 18 жастағы жігіт тоқ соғып, көз жұмды

Кеше 14:29

Әмірліктерде жүрген қазақстандықтар ұлттық жүргізуші куәлігін пайдалана алады

Кеше 12:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);