AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақ әйелдерінің мәдени мұрасын зерттеу және олар...

Қазақ әйелдерінің мәдени мұрасын зерттеу және олардың қоғам дамуына қосқан үлесі

Мәдениет 07.03.2025, 17:50 669 dulatbekova
Қазақ әйелдерінің мәдени мұрасын зерттеу және олардың қоғам дамуына қосқан үлесі
Сурет: Gov.kz

«Ұлттық мұра» жобасы аясында Астана қаласындағы ҚР Ұлттық архивінде қазақ халқының зергерлік өнері мен оның мәдени мұрамен байланысына арналған «Әйелге әсемдік жарасады» атты көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге ұлттық қолданбалы өнер мен сән әлемінің жаңа толқыны үйлесім тапқан құнды жәдігерлер, архивтік құжаттар, ғылыми зерттеулер қойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. 

Көрменің ең құнды жәдігерлерінің бірі – XIX ғасырдың басында жасалған күміс белдік пен Ресей архивінен табылған сол белдікті тағып түскен әйел адамның суреті. Сонымен қатар, қазақ зерттеушілерінің, соның ішінде Ақселеу Сейдімбектің ұлттық киімдер, әшекей бұйымдар мен асыл тастар туралы қолжазба зерттеу еңбектері көрермен назарына ұсынылды.

«Архив-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы қаласындағы ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде «Қазақ дала мәдениетіндегі әйелдердің мәртебесі» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға тарихшы ғалымдар, этнографтар, филологтар, әдебиеттанушылар, кинематографистер, суретшілер және музей қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел қатысушыларына XIX-XX ғасырлардағы қазақ әйелдерінің өмірін бейнелейтін архивтік фото және бейнематериалдар көрмесі ұсынылды. Экспонаттар қатарында Мәскеу, Санкт-Петербург және Гамбург этнографиялық музейінің архивтерінен алынған бірегей құжаттар бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақ әйелдері #мәдени мұра #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);