ffin.kz

Қаза тапқан құтқарушының отбасына төленетін өтемақы қысқартылды

Қаза тапқан құтқарушының отбасына төленетін өтемақы қысқартылды Павлодар обл. ТЖД баспасөз қызметі

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында болған апаттан көз жұмған құтқарушының жақындарына төленетін өтемақы сот шешімімен 4 есе қысқартылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Биыл 4 қаңтарда аталмыш компанияға тиесілі кеніштегі шұңқырға автобус құлап, салдарынан 3 құтқарушы мен жүргізуші қаза тапты. Олар Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталығының қызметкерлері болған.

Жазатайым оқиғаға тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша жұмыс берушінің кінәсі 100%, жұмыскерлердің кінәсі 0% екені анықталған болатын. Бұл ретте қаза тапқан құтқарушының жақындары компания моральдық зиянды өтеуі керек деп сотқа жүгінген. Олар қайғылы оқиға кезінде жұмыс беруші көңіл айтпағанын, қолдау көрсетпегенін атап өтті.

5 қыркүйекте Екібастұз қалалық соты талапты қанағаттандырып, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС-дан әрқайсысына моральдық зиянның өтемақысы ретінде 30 млн теңгеден жалпы 120 млн теңге қаражатты өндіру туралы шешім шығарды. Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 13 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, әрқайсысының пайдасына моральдық шығын көлемі 7 млн 500 мың теңгеге дейін азайтылды.

Сот алқасы моральдық зиянның өтемақы мөлшерін анықтау кезінде бірінші сатыдағы сот еңбек қызметімен байланысты өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні, жұмыс берушінің кінәсін 100% анықтаған жазатайым оқиғаның мән-жайын арнайы тергеп-тексеру актісін басшылыққа алды.

Бұл ретте сот арнайы тергеп-тексеру актісіне сәйкес, жазатайым оқиғаның, еңбек қызметімен байланысты Өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің себептерін ескермеген. Атап айтқанда:

«Майқайыңалтын» АҚ жауапты қызметкерлері жұмыстың қауіпсіз жүргізілуіне өндірістік бақылауды жеткіліксіз жүргізіп, жұмысты тиісте деңгейде ұйымдастырмаған;

блоктарды өндіру кезінде қазбалардан құлау процесі жеткіліксіз бақыланған;

II кен массасын және таудан жоғары және төмен +90 метр (160 метр) кен орнын игеру кезінде тау-кен қондырғыларын дамыту жобалары болмаған.

Яғни, жазатайым оқиға «Майқайыңалтын» АҚ өндірістік қызметімен байланысты. Бұл мән-жайларды сот моральдық зиянның өтемақысы мөлшерін анықтаған кезде ескеруге тиіс екені атап өтілді.

«Ақылға қонымдылық, әділдік және жеткіліктілік критерийлерін басшылыққа ала отырып, алқа бұл жағдайда жауапкерден талап қоюшылардың пайдасына туысының қайтыс болуына байланысты келтірілген моральдық зиян өтемақысын әрқайсысына 7 500 000 теңгеден өндіру қажет деген қорытындыға келді», – делінген сот хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
1
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:25

19:56

19:43

19:29

19:10

18:45

18:38

18:29

18:09

17:45

17:44

17:30

17:22

17:19

17:09

16:37

16:27

16:08

16:01

15:50

15:49

15:28

14:35

14:06

13:35