Қауын - дәмі тіл үйіретін жеміс қана емес, табиғи емнің көзі. Оның құрамында ағзаға қажет пайдалы зат өте көп, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі ТСН арнасына сілтеме жасап.
Қауын денсаулыққа қалай әсер етеді?
Қауынды кейде "жастықтың эликсирі" деп аталады. Бұл жай теңеу емес. Оның құрамындағы бета-каротин бар. Ол теріні ультракүлгін сәуледен қорғайды және коллаген бөлінуін күшейтеді. Қауынды тұрақты жейтін адамдардың терісі тартымды, әжім азайып, бет әлпеті балғын тартады.
Көру қабілетін жақсартады
Қауында А дәрумені мол. Бұл дәрумен көздің саулығы үшін аса қажет. Қауын көздің көруін жақсартып, көз ауруларының алдын алуға, тіпті жасқа байланысты өзгерістерді баяулатуға көмектеседі.
Жүрекке пайдалы
Қауынның құрамындағы калий жүрек пен қан қысымына жақсы әсер етеді. Қауынды жиі жеген адамның қан қысымы тұрақтанып, жүрек бұлшықеті нығаяды, жүрек ауруларының қаупі азаяды.
Күйзеліске қарсы көмектеседі
Қауында триптофан атты аминқышқыл бар - ол ағзада серотонин (бақыт гормоны) түзілуіне қатысады. Сондықтан қауын жеген соң көңіл-күй жақсарып, күйзеліс азаяды. Тіпті уайым мен мазасыздықты жеңілдетуге көмектеседі деген пікірлер бар.
Асқорыту жүйесін жақсартады
Қауын - талшыққа бай жеміс. Ол ішек жұмысын жақсартып, асқорыту жүйесін реттейді. Жиі жеген жағдайда іш қатудың алдын алуға көмектеседі.
Арықтағысы келетіндерге таптырмас жеміс
Қауын тәтті болғанымен, калориясы аз - 100 грамында бар болғаны 41 Ккал. Оның құрамында су көп, сондықтан тәбетті басып, ағзаны ылғалмен қамтамасыз етеді. Қантқа деген құмарлықты басып, салмақ тастауға сеп болады.