AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қатерлі ісіктің алдын алу үшін қандай анализ тапсы...

Қатерлі ісіктің алдын алу үшін қандай анализ тапсырған жөн? Дәрігер кеңес берді

Мұны білген жөн 30.10.2025, 09:39 506 Сұлу
Қатерлі ісіктің алдын алу үшін қандай анализ тапсырған жөн? Дәрігер кеңес берді
depositphotos.com

Қатерлі ісікке шалдыққан адамдар ұзақ уақыт бойы белгілерді сезбеуі мүмкін. Сондықтан оны ерте анықтау өте маңызды, бұл аурудың алдын алу мүмкіндігін айтарлықтай артады. Бұл туралы онкологы Юлия Понкратова түсіндірді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Кімдерге тексерілген жөн?

"Тексеру жыл сайын бақылау аясында да, алаңдататын белгілер пайда болғанда да жүргізілуге тиіс", - дейді маман.

Дәрігерге міндетті түрде қаралу керек белгілер: 

  • себепсіз шаршау, әлсіздік;
  • тез шаршау;
  • лезде арықтап кету;
  • дене температурасының себепсіз көтерілуі;
  • тері түсінің бозаруы;
  • белгілі бір аймақта мезгіл‑мезгіл пайда болатын ауырсынулар.

Сүт безі (маммография)

"Сүт безінің қатерлі ісігін анықтауда ең нәтижелі зерттеу - маммография", - деп түсіндіреді Ю. Понкратова.

40 жастан асқан әйелдерге маммографияны әр 2 жыл сайын өту ұсынылады. Ал генетикалық бейімділігі барлар жыл сайын тексерілген жөн. 

ПСА (простата‑спецификалық антиген)

Ер адамдарға простата безінің жасушалары шығаратын ПСА деңгейін тексеру 45, 50, 55, 60 және 64 жасында ұсынылады. ПСА көрсеткішінің өсуі простатаның қатерлі ісігінен хабар беруі мүмкін.

Ішек қатерлі ісігі - қанға талдау (иммунохимиялық әдіс) және колоноскопия

40–64 жастағы адамдарға бұл талдауды әр 2 жылда бір жасату, ал 65–75 жас аралығында - жыл сайын жасау ұсынылады. 

Жатыр мойны қатерлі ісігін анықтау - Pap‑тест (онкоцитология)

Жатыр мойыны ісігін ерте анықтауда сенімді әдіс - Pap‑тесті. Бұл жатыр мойны мен цервикальдық каналдан алынған жасушалардың цитологиялық зерттеуі. Міндетті қаралатын кезеңдер: 25–49 жас аралығында - әр 3–5 жыл сайын, 50 жастан асқаннан кейін - әр 5 жыл сайын.

Компьютерлік томография (КТ) және магниттік‑резонансты томография (МРТ)

КТ мен МРТ - ісіктерді анықтауда маңызды рөл атқарады, алайда оларды да дәрігер рұқсатымен тағайындау қажет. Бұл зерттеулер ісіктің мөлшері, орналасуы және таралуын бағалауға көмектеседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қатерлі ісік #анализ #талдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы студенттері робототехника әлемдік додасында биік белесті бағындырды

Бүгін 22:32

Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды

Бүгін 20:27

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);