AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қатерлі ісік - үкім емес!

Қатерлі ісік - үкім емес!

Медицина 24.08.2022, 10:10 1,732
Қатерлі ісік - үкім емес!
Сурет: Raiffeisen

Алматылық дәрігер скринингтің маңызы жайлы әңгімелеп берді.


"Қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында жоспарлы скринингтерден уақтылы өтіп тұру қажет", - дейді Алматы онкологиялық орталығының клиника-диагностика бөлімі меңгерушісі Нәйля Ақжолова, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Онкологиялық сырқат көп жағдайда біраз уақытқа дейін ешқандай белгі бермейді, оның қауіптілігі де осында. Әдетте ауру симптомдары үшінші немесе төртінші сатыда ғана біліне бастайды. Сондықтан қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында жоспарлы скринингтерден уақтылы өтіп тұру қажет, дейді Алматы онкологиялық орталығының клиника-диагностика бөлімі меңгерушісі Нәйля Ақжолова.


Айтуынша, қатерлі ісік ұзақ уақыт бойы қалыптасып жетіледі. Сол себепті ерте анықталған жағдайда аурудың асқынуына жол бермей, уақтылы ем-дом жасауға мүмкіндік бар.



«Ең алдымен, дер кезінде жасалған диагностика обырды бастапқы сатыда анықтап, науқасты емдеп жазуға мүмкіндік беретінін айтқым келеді. Бастапқы сатысында қатерлі ісіктен құлан-таза айығып кетуге болады, – дейді маман. – Ал үшінші, төртінші сатыда ем-домның ауыр түрлері, химиотерапия, радикалды операциялар қолданылады. Ісікпен кішігірім кезінде, пайда болған кезде күрескен жеңіл, үлкейіп кеткенде ол пациент өміріне қауіп төндіреді».



Тиімділігі дәлелденген скрининг түрлері:


- 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдерді сүт безі обырына мамографиялық скринингтен өткізу – 2 жылда 1 рет;


- 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдерді жатыр мойны обырына цитологиялық скринингтен өткізу – 4 жылда 1 рет;


- 50 мен 70 жас аралағында қан арқылы, колоноскопия әдісімен тоқ ішек/тік ішек обырына тексеру – 2 жылда 1 рет;


Осы жылдың 6 айында Алматы қаласы бойынша 2363 пациенттен қатерлі ісік анықталып, диспансерлік есепке алынған. Құрылымдық тұрғыдан алғанда, бірінші орында сүт безі обыры, екінші – колоректалды обыр, үшінші – өкпе обыры, төртінші орында – асқазан обыры тұр.


Естеріңізге сала кетсек, тұрғындар скринингтен тіркелген емхана арқылы өтеді. Скринингке учаскелік медбике шақыруы тиіс. Жоспарлы тексеруден өтетін жасқа жеткен азаматтар емханаға өздері хабарласса да болады. Сонымен қатар, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 87-бабына сәйкес, жұмыс берушілер скринигтен өтетін жұмыскерлерді бір күнге жұмыстан босатуға міндетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#скрининг #дәрігер #диагностика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);