AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қателікке бой алдырғандарға кешірім: жаңа рақымшыл...

Қателікке бой алдырғандарға кешірім: жаңа рақымшылық заңы қандай болмақ?

Заң мен тəртіп 11.06.2025, 10:06 1,028 dulatbekova
Қателікке бой алдырғандарға кешірім: жаңа рақымшылық заңы қандай болмақ?
Сурет: 24.kz

Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай рақымшылық туралы заң жобасы қаралуда

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы қаралуда. Құжатты Парламенттің бір топ депутаты әзірлеген.

Заң жобасы – қателік жасаған, бірақ өз ісіне өкініп, түзелу жолына түскен азаматтарға мемлекет тарапынан жасалатын ізгілік актісі ретінде ұсынылып отыр.

Жоба аясында:

         •        Қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдарды;

         •        Залал келтірмеген немесе оны толық өтеген орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін сотталғандарды;

         •        Әлеуметтік осал топтарға жататын, орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған азаматтарды босату көзделген.

Сондай-ақ, онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша қозғалған, бірақ сотта қаралмаған істерді тоқтату қарастырылып отыр.

Бұдан бөлек, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағандарға қатысты жаза мерзімін қысқарту мүмкіндігі ұсынылады. Сеніп тапсырылған мүлікті иемденгені немесе талан-таражға салғаны, алаяқтық жасағаны үшін сотталған тұлғалар залалды толық өтеген жағдайда жаза мерзімінің бестен бір бөлігі қысқартылуы мүмкін.

Сонымен қатар, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, мемлекеттік құпияларды жариялау, сыбайлас жемқорлық сияқты кейбір қылмыстарға рақымшылық қолдануға шектеу енгізу ұсынылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #рақымшылық #Заң жобасы #қарау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

Бүгін 11:28

Алматыда демалыс күнгі өтетін жәрмеңкеге келушілер саны артып келеді

Бүгін 10:22

«Əділет» партиясында ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін 09:35

Жұма күні ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:05

Алматы халықаралық Turkic Game Jam 2026 хакатонының алаңына айналды

Кеше 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);