AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентін Республика...

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентін Республика күнімен құттықтады

Билік 29.10.2022, 05:00 1,006
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентін Республика күнімен құттықтады
Сурет: Inform.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Республика күніне орай осы елдің Президенті Режеп Тайип Ердоғанға және барша түрік халқына жүрекжарды құттықтауын жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.







– Ұлт бірлігі мен ынтымағының айқын көрінісі, еркіндік пен жасампаздықтың бірегей нышаны болған бұл күннің ел тарихында орны ерекше екені сөзсіз. Осы құндылықтарды ту еткен Анадолы елі – қазіргі таңда жаһандық деңгейдегі жетістіктерін бүкіл дүниежүзі мойындаған белді де беделді мемлекет. Мұның бәрі ел басқару ісіндегі мол тәжірибеңіз бен дана саясатыңыздың, қажырлы еңбегіңіз бен ерекше тұлғалық қасиеттеріңіздің арқасы деп білемін. Осы тұста Сіздің парасатты басшылығыңызбен Отаныңыздың әлемдегі мәртебесі одан әрі асқақтап, халқыңыздың ырыс-берекесі еселей беруіне тілектестігімді білдіремін, – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.



Қасым-Жомарт Тоқаев 30 жыл бұрын Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастар орнағанын, бүгінде ынтымақтастығымыз кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.


Сондай-ақ Мемлекет басшысы Түркия Президентінің аса жауапты қызметіне толайым табыс, отбасына баянды бақыт, ал ағайын түрік халқына мол ырыс пен құт-береке тілейтінін жеткізді.







Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қасым-Жомарт Тоқаев #Түркия #Республика күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Бүгін 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Бүгін 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Бүгін 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Бүгін 15:35

Алматылық психолог жасөспірімдерді жұмыс туралы хабарландырулар арқылы есірткі бизнесіне қалай тартатынын түсіндірді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);