AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қасым-Жомарт Тоқаев өзбек халқын Тәуелсіздік күнім...

Қасым-Жомарт Тоқаев өзбек халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Саясат 01.09.2021, 15:31 2,017
Қасым-Жомарт Тоқаев өзбек халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентін ел Тәуелсіздігімен құттықтады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзінің және барша қазақстандықтардың атынан Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті және өзбек халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.


«Бауырлас Өзбекстан бұл айтулы күнге ұлттық біртұтастығымен, экономикалық дамуының жоғары қарқынымен және әлемдік қоғамдастықта лайықты беделімен қуатты әрі өркендеген мемлекет ретінде жетіп отыр. Өзбек халқы Сіздің жасампаздық саясатыңыз бен табысты жүзеге асып жатқан ауқымды реформаларыңызды қолдай отырып, тұрақты даму жолын жалғастыра беретініне сенімдімін», – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тарихы терең стратегиялық  ынтымақтастыққа жоғары баға берді. Жеделхатта мемлекет басшысы екі ел арасында атқарылып жатқан жұмыс екіжақты деңгейде де, аймақтық және халықаралық ынтымақтастық аясында да Қазақстан мен Өзбекстанның өзара іс-қимылындағы зор әлеуетті толық іске асыру үшін қызмет ететініне сенім білдіретінін айтқан.


Қасым-Жомарт Тоқаев  Шавкат Мирзиёевке жауапты мемлекеттік қызметте табыс, бауырлас Өзбекстан халқына өркендеу мен өрлеу тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік #құттықтау #жеделхат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Dauletten» қайырымдылық қоры студенттерге 20 млн теңге көлемінде білім гранттарын бөледі

Бүгін 17:39

Марат Байқамұров Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Бүгін 17:27

Алматыда халықаралық сарапшылар қатысқан қолөнершілер жәрмеңкесі аяқталды

Бүгін 17:18

Серік Жұманғарин Қытайдың қаржы министрімен ТХКБ-ны дамытуға арналған бірлескен қор құру мәселесін талқылады

Бүгін 17:00

ҚАЗАҚСТАНДА «ҚЫЗҒЫЛТ ҚАЗАН» АЯСЫНДА 2,1 МЫҢНАН АСТАМ ӘЙЕЛ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КЕҢЕСІН АЛДЫ

Бүгін 16:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);