AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағас...

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездесті

Оқиға 11.08.2022, 13:02 1,049 Almaty-akshamy
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездесті
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 13-15 қыркүйекте елордамызда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жетінші съезі өтетініне тоқталып, Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауына алғысын білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қасым-Жомарт Тоқаев Абдулла Шахидке ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ықпалдастықты одан әрі кеңейту жолында оның бұл сапарының маңызды екенін атап өтті.


Президент жаһандық бейбітшілікті, қауіпсіздік және тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі Дүниежүзілік ұйымның айрықша рөлін атап өтті. Сонымен қатар Абдулла Шахидтің БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы лауазымындағы белсенді қызметін жоғары бағалады.



«БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы – барша адамзат үшін ең қажетті шешімдерді ұсыну мақсатымен басшылардың сындарлы жағдайда бас қосуы үшін бірегей мүмкіндік. Біз осы маңызды іс-шараны нәтижелі өткізу үшін Сіздің қосып отырған үлесіңізді құрметтейміз», – деді мемлекет басшысы.



Өз кезегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясының төрағасы елімізге, Орталық Азияға алғаш рет келгенін айтып, Қазақстан мен БҰҰ арасындағы 30 жылдық кезеңдегі көпжоспарлы әріптестіктің деңгейіне көңілі толатынын жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан президентінің бастамасымен елімізде жүзеге асырылып отырған ауқымды реформаларды, Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша өткен референдумды жоғары бағалады.


Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 13-15 қыркүйекте елордамызда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жетінші съезі өтетініне тоқталып, Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауына алғысын білдірді.


Абдулла Шахид Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жиынын маңызды алаң деп атап, съездің мәртебесін жоғары бағалады. Оның айтуынша, әлем елдерінде көп жағдайда түсінбестік адамдардың наным-сеніміне қарай кемсітуінен туындап жатады. Сондықтан БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы діни көшбасшылардың жетінші съезінде рухани жетекшілердің әлемдік бейбітшілікті насихаттауы негізгі месседж болатынына сенетінін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #БҰҰ #Ассамблея
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);