Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қасым-Жомарт Тоқаев: Ассамблея Сенат депутаттығына...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ассамблея Сенат депутаттығына кандидаттарды іріктеудің ашық рәсімін әзірлеуі керек

Әлеумет 29.04.2022, 07:04 1,571
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ассамблея Сенат депутаттығына кандидаттарды іріктеудің ашық рәсімін әзірлеуі керек
Inform.kz

Ассамблеяның депутаттық мандаттарының маңызы арта түседі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Жаңа жағдайда Ассамблея бұрынғысынша бейбітшілік пен келісімдегі біздің саясатта берік институционалды тірек болып қызмет ете береді деп сенемін. Бүгінгі сессияның мақсаты – саяси жүйенің реформасында Ассамблеяның орны мен рөлін айқындау, оның ары қарай дамуының векторын белгілеу», - деді Президент.



Осы орайда Мемлекет басшысы жаңа кезеңде Ассамблеясы үш негізгі басымдыққа екпін қоюы тиіс екенін айтты.



«Біріншіден, саяси реформаларды жүзеге асыруда Ассамблеяның рөлін күшейту. Өздеріңіз білесіздер, биліктің заңнамалық тармағын рефорамасы аясында Ассамблеяның атынан депутаттар қазіргідей Мәжілісте емес, Сенатта болады. Мәжілісте Ассамблеяның квотасын қысқарту демократиялық сайлау стандарттарын сақтауға қатысты бірқатар мәселені шешеді. Сонымен бірге, Ассамблея атынан келген сенаторлар жалпыұлттық интеграция мен этномәдени әралуандық негізінде Қазақстанның барша этникалық топтары мүдделерінің барша жиынтығын көрсетеді. Мұндай модель халықаралық тәжірибе мен Қазақстанның парламенттік жүйесінің ерекшелігін тиісті түрде танытады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Президенттің айтуынша, жаңа фунция мен Сенаттың рөлін ескере отырып, Ассамблеяның депутаттық мандаттарының маңызы арта түседі. Сонымен қатар, Ассамблея Сенат депутаттығына кандидаттарды іріктеудің тиімді әрі ашық рәсімін әзірлеуі керек.



«Осы мәселелердің барлығы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы жаңартылған заңда көрініс табуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ассамблея #президент #сенаторлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика