AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қарт әкесін азаптаған ер адамға жаза күшейтілді

Қарт әкесін азаптаған ер адамға жаза күшейтілді

Оқиға 01.04.2026, 14:34 489
Қарт әкесін азаптаған ер адамға жаза күшейтілді
Видео кадры

Апелляциялық саты қарт әкесін жүйелі түрде соққыға жыққан ер адамның үкімін қайта қарады. Сот прокуратураның шағымын қанағаттандырып, сотталушының жазасын 5 жылдан 6 жылға дейін ұзартты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 наурызда апелляциялық алқа прокуратураның жазаны қатаңдату туралы өтінішін қанағаттандырған. Нәтижесінде сотталушыға бұрын тағайындалған 5 жыл емес, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Соттағылардың түсіндіруінше, айыптау баптары өзгеріссіз қалған. Ер адам бұрынғыдай «Қинау» және «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» баптары бойынша кінәлі деп танылған, алайда жаза мерзімі қатаңдатылған.

Апелляциялық саты сотталушының әрекетін ауыр әрі қоғамға қауіпті деп бағалаған. Сот алқасы оның туған әкесінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған ұзақ уақыт бойы күш көрсетіп, азаптағанын атап өтті.

Сонымен қатар сот марқұм болған әкесі туралы құқық қорғау органдарына бірден хабар бермей, бірден жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға кіріскенін де жаза мерзімін күшейтуге негіз болған мән-жайлардың бірі ретінде көрсеткен.

Айта кетейік, іс бойынша бастапқыда сотталушының жұбайына қатысты қылмыстық қудалау тергеу кезеңінде тоқтатылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан облысы #әке #азаптау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Бүгін 20:03

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Бүгін 19:30

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Бүгін 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Бүгін 17:58

Алматыда ақын Оразақын Асқардың тұрған үйіне ескерткіш- тақта орнатылды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);