AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қаржылық мониторингі агенттігі ескертеді!

Қаржылық мониторингі агенттігі ескертеді!

Заң мен тəртіп 21.11.2024, 09:54 813 yakiya
Қаржылық мониторингі агенттігі ескертеді!
Сурет: ашық дереккөз

Алаяқтар жалған куәліктер және ҚМА логотиптері бар өзге де құжаттардың фотосуреттерін пайдаланады. 

Қаржылық мониторингі агенттігі қаскүнемдер өздерін Агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға қоңырау шалу арқылы алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткен жайлы ескертті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алаяқтар телефон арқылы азаматтардың ақшасын бөгде біреу ұрлауға тырысып жатқаны жайлы айтып, олардың шоттарындағы қаражатты сақтау үшін жалған қызметкерлердің нұсқауларын орындауды сұрайды. 

Өздерінің қызметкер екенін растау мақсатында, алаяқтар жалған куәліктер және ҚМА логотиптері бар өзге де құжаттардың фотосуреттерін жібереді. 

Олардың ықпалына түскен азаматтар өз жинақтарын зиянкестердің шоттарына аударады. 

Сонымен қатар, Қаржылық мониторингі агенттігінің атынан әлеуметтік желілерде жалған парақшаларды ашу фактілері де жиілеп кеткен. 

Белгісіз тұлғалар азаматтарға алаяқтық жобаларға салынған қаражаттарын тез қайтаруды ұсынады. 

Парақшада жеке деректеріңізді, телефон нөмірін, сондай-ақ жоғалған қаражат сомасын енгізу ұсынылады. 

Содан кейін әр түрлі нөмірлерден, оның ішінде шетелдік нөмірлерден де агенттер сізге қоңырау шалып, өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстырады және банктік шотыңыз бойынша мәліметтерді алуға тырысады.

«Қаржылық мониторингі агенттігі жеке тұлғаларға телефон байланысы арқылы да, мессенджерлер арқылы да қоңырау шалмайды. Азаматтардан қырағы болуға, ақпаратты ресми дереккөздермен салыстыруға және алаяқтардың айла-амалдарына алданбауын сұраймыз. Call-center: 1458», делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқ #қма #қоңырау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);