AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қаржы пирамидаларына қарсы күрес күшейеді

Қаржы пирамидаларына қарсы күрес күшейеді

Әлеумет 15.11.2022, 07:15 1,361
Қаржы пирамидаларына қарсы күрес күшейеді
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасына тапсырмалар берді


Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметін,е сілтеме жасап.


Президентке Агенттіктің биылғы 10 айда атқарған жұмысы туралы есеп берілді.


Мемлекет басшысына қылмыстық істерді жаппай қозғау тәжірибесінің жойылғаны және адал бизнесті қылмыстық қудалаудың азайғаны жөнінде баяндалды. Соның нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарының саны жыл сайын азайып келе жатқаны байқалады. Атап айтқанда, өткен жылмен салыстырғанда тіркелген істер саны 30 пайызға төмендеген.


Жанат Элимановтың айтуынша, қабылданған шаралар келтірілген шығындарды өтеуге, 300 миллиард теңгеден астам активті қайтаруға мүмкіндік берді. Жиырма бес ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.


Ақшаны қолма-қол шығарумен айналысатын 119 топтың қызметіне тосқауыл қойылды.


Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына 25 қаржы пирамидасы жойылып, жәбірленушілердің 8,3 миллиард теңге шығыны өтелгені туралы баяндалды. Қаржылық пирамидалармен күрес аясында заңсыз мазмұндағы 8,8 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталған. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында қаржылық барлау қызметі есірткі сататын 15 интернет-дүкенді әшкерелеген. Олардың жалпы сауда айналымы 4,4 миллиард теңгені құрайды және 27 мыңнан аса азаматты қамтыған. Бұл материалдар Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік қызметіне жолданды. Цифрлық активтерді пайдалана отырып, қылмыстық жолмен тапқан кірісті жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес аясында Агенттік Binance ірі халықаралық криптобиржасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.


Сонымен қатар Президентке Қазақстанның «қаржыны жылыстатуға қарсы күрес» ұлттық жүйесі ФАТФ талаптарына сәйкестігі бойынша Өзара бағалаудан өтіп жатқаны жөнінде мәлімет берілді.


Кездесу соңында Мемлекет басшысы қаржы пирамидалары мен алаяқтық әрекеттердің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ Агенттіктің өз ішінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуді тапсырды.















































Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда халықаралық туристік көрме – KITF 2026 өтіп жатыр

Бүгін 17:01

Тоқаев Феридун Синирлиоғлыны қабылдады

Бүгін 16:40

Алматыда жатыр мойны обырының алдын алу екпе мен скрининг арқылы күшейтіледі

Бүгін 16:24

БҰҰ өкілдері Өңірлік экологиялық саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын оң бағалады

Бүгін 16:05

Алматыда Ұлттық кітап күні қарсаңында Бигелді Ғабдуллиннің жаңа кітабының тұсаукесері өтті

Бүгін 16:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика