Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Қаржы министрлігі цифрлық бақылау арқылы қаржылық...

Қаржы министрлігі цифрлық бақылау арқылы қаржылық тәртіпті күшейтуде

Қаржы 09.06.2025, 12:47 564
Қаржы министрлігі цифрлық бақылау арқылы қаржылық тәртіпті күшейтуде
Cурет: Қаржы министрлігі

ҚР Қаржы министрлігі жалақы мен шығыстарды цифрлық бақылауды кеңейту арқылы мемлекеттік аудиттің жаңа деңгейіне шығуда.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджет шығыстарын мемлекеттік аудиттеуді цифрландыруды белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Бұл бағытта «Онлайн бюджет мониторингі» модулін қолдану аясын кеңейту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Аталған жүйе нақты уақыт режимінде қаржы қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік береді, бақылау процестерін автоматтандырады және заңбұзушылықтарды жедел анықтауға жол ашады. Нәтижесінде қаржылық операциялардың ашықтығы артып, бюджет қаражатын басқарудың тиімділігі жақсарады.

ОБМ жүйесі әлеуметтік сала ұйымдарындағы жалақы төлемдерін қашықтан бақылауға мүмкіндік береді. Бүгінде мониторинг тек білім беру саласын ғана емес, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт салаларын да қамтиды. Күн сайын 6 мыңға жуық мемлекеттік мекеменің 140 миллион теңгеден астам транзакциясы талданады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап жедел әрекет ету арқылы 664 миллион теңгеден астам қаражатты талан-таражға салудың алдын алуға мүмкіндік туды.

Сонымен қатар, бұзушылықтардың алдын алу шаралары үнемі тиімді нәтиже бере бермейді. Мұндай жағдайда жауапты тұлғаларға қатысты тиісті әрекет ету шаралары қабылданады. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы аудандарының біріндегі кітапхана жүйесінде жүргізілген көшпелі аудит барысында бухгалтердің жеке шотына заңсыз аударылған 45 миллион теңгеден астам қаражат анықталды. Алматы қаласында ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аумақтық департаменті тарапынан бірнеше ескерту жасалған соң, қалалық Білім басқармасы арнайы гимназия директоры мен бір мектептің бір топ бухгалтерін жұмыстан босату туралы шешім қабылдады.

ОБМ жүйесінің дамуы барысында мониторинг нысандарына тәуекелдер туралы автоматты түрде хабарламалар генерациялап, жолдау функциясы енгізілді. Бұл ретте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық департаменттері де бір уақытта хабардар етіледі. Бұл қабылданатын шаралардың алдын алуға бағытталғанын тағы бір мәрте дәлелдейді.

«Онлайн бюджет мониторингі» модулі үлкен көлемдегі деректерді өңдеу және аудиторлар тарапынан хабарламаларды дайындау уақытын айтарлықтай қысқартты. Бұл өз кезегінде бақылау шараларының жеделдігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен «Электрондық қаржы орталығы» АҚ бірлесіп, мобильді қосымшалар арқылы заңсыз алынған бюджет қаражатын қайтару бойынша жаңа функционал әзірлеуде. Бұл цифрлық шешім алдын алу шаралары шеңберінде ерікті түрде қайтару рәсімін едәуір жеңілдетеді.

«Қаржы министрлігі өз процестерін цифрландыруға белсенді түрде ұмтылып отыр. Заманауи технологияларды енгізу бюджет қаражатын басқарудағы ашықтықты, жеделдікті және тиімділікті арттыруға бағытталған. «Онлайн бюджет мониторингі» модулі сияқты цифрлық құралдарды пайдалану адами факторды азайтып, күнделікті операцияларды автоматтандыруға және бақылау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік қаражаттың тиімді және жауапты жұмсалуына септігін тигізеді», – деп қорытындылады ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаржы министрлігі #цифрлық бақылау #қаржылық тәртіп #күшейту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика