Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Қаржы министрі базалық мөлшерлеме деңгейін қайта қ...

Қаржы министрі базалық мөлшерлеме деңгейін қайта қарау керек екенін айтты

Қаржы 20.04.2022, 12:18 1,407
Қаржы министрі базалық мөлшерлеме деңгейін қайта қарау керек екенін айтты
Сурет: Inbusiness.kz

Базалық мөлшерлеме деңгейін қайтадан қарау керек.


Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, базалық мөлшерлеме деңгейін қайта қарауы керек», - деді Е. Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.



Осы орайда ол бұл мәселені депутаттар да көтергенін атап өтті.



«Базалық мөлшерлеме экономикадағы барлық ставкаға ықпал етеді, оның ішінде депозиттер, несиелер, купонды бағалы қағаздар мен басқалары бойынша әсері бар. Бір жағынан, Ұлттық банк инфляцияны тежеу үшін жоғары деңгейде ұстап тұру керек екенін алға тартса, біз оның деңгейін қайта қарау керек екенін айтып отырмыз. Себебі қазір теңгенің долларға қатысты бағамы тұрақтанып, бұрынғы деңгейінде қалыптаса бастады», - деді министр.



Бұл тұрғыда ол экономиканың өсімін қамтамасыз ету үшін тиісті трендті құру қадамдарына көшудің маңыздылығын айтты.



«Тиісті пайыздық мөлшерлемесіз экономиканы несиелеуге қаражатты тарта алмаймыз. Сондықтан аталған деңгейді төмендеткен дұрыс болады», - деді Ерұлан Жамаубаев.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Базалық мөлшерлеме #қайта қарау #депутаттар ұсынысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика