AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қараусыз жүрген балалардың ата-аналары жазаланатын...

Қараусыз жүрген балалардың ата-аналары жазаланатын болады

Заң мен тəртіп 12.02.2025, 16:03 918 dulatbekova
Қараусыз жүрген балалардың ата-аналары жазаланатын болады
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы қараусыз жүрген балалардың ата-аналары жазаланатынын ескертеді.

Алматы ювеналды полициясының мәліметінше, өткен жылы қалада қайыршылықпен айналысқан 245 шетелдік кәмелетке толмаған анықталды. Сондай эпизодтың бірі кеше болды. Сейфуллин мен Абай даңғылдарының қиылысында қайыр сұрап жүрген 15 жастағы жеткіншек табылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 – Жас жігіттің Өзбекстан азаматы екендігі және әкесімен бірге Алматы облысы Талғар ауданында жалдамалы пәтерде тұратындығы белгілі болды. Бала қайыршылықпен айналысады, оқу үдерісіне араласпайды, ал әкесі - жұмыссыз. Оларды тексеру үшін әкесі мен баласы біздің бөлімшеге жеткізілді. Ата-анаға қатысты ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Ал жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Пшан.

Сондай-ақ ішкі істер министрі жариялаған профилактикалық іс-шаралар жылы аясында, басқа қаладан келген жасөспірімдерді жедел анықтау мақсатында ювеналды және криминалдық полиция, учаскелік полиция инспекторлары қызметкерлерінен тұратын топтар, жастар мен жасөспірімдер көп шоғырланатын орындарда, атап айтқанда, аулалар, жертөлелер, базарлар, ойын-сауық орындары, вокзалдар, саябақтарда күн сайын рейд жүргізеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы полициясы #қараусыз жүрген балалар #шетелдіктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);