AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қараша айының басынан бері 160 есірткі қылмыскері...

Қараша айының басынан бері 160 есірткі қылмыскері ұсталды

Заң мен тəртіп 20.11.2023, 04:32 977
Қараша айының басынан бері 160 есірткі қылмыскері ұсталды
Сурет: Gov.kz

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері өңірлік бөліністермен бірлесіп, осы айдың басынан бастап есірткінің ірі партияларын тәркілеп, бірқатар қылмыскерді ұстады.


Синтетикалық есірткі өндіретін екі есірткі зертханасы жойылды. Келіп түскен ақпарат бойынша жедел қызметкерлер Алматы қаласында Жамбыл облысының екі тұрғынын ұстады, олардың автокөлігінің салонында 152 кг гашиш табылып, тәркіленді.


Алматы полицейлері қаланың 24 жастағы тұрғынын ұстады, оның көлігінде жасырып сатуға дайындалған 1,2 кг психотроптық зат мефедрон табылды. Семейлік полицейлер интернет-дүкеннің есірткі жасырушысы болып жұмыс істейтін Павлодар облысының екі тұрғынын құрықтады. Олардан бір кг “а-PVP” психотроптық заты тәркіленді.


Есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Тінту барысында оның жалдамалы пәтерінен есірткі жасау үшін пайдаланылатын жабдықтар, екі шыны колба, канистр және 1,5 кг мефедрон табылып, тәркіленді. 16 қарашада Алматы облысы Ұзынағаш кентінде полиция қызметкерлері есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Алматы қаласының екі тұрғынын ұстады.


Үйдің аумағында орналасқан контейнерді тінту барысында үш тоннадан астам прекурсор, электрондық таразылар, реактор, шыны колбалар және 30 кг дайын мефедрон психотроптық заты тәркіленді.



«Қараша айынан бастап ІІМ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері заңсыз айналымнан 208 кг түрлі есірткі заттарын тәркіледі», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ІІМ #есірткі #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласында «AMANAT» партиясының «QAISAR» партиялық жобасы аясында «Сарбаз болғым келеді» атты әскери-патриоттық акция өтті

Бүгін 10:15

Алматыдағы автопарктердің бірінен катализаторсыз автобустар анықталды

Бүгін 09:48

Такси жүргізушілері нені білуі тиіс?

Бүгін 09:21

Әкімдіктен Үкіметке

Бүгін 09:02

Халықаралық білім беру корпорациясының әскери кафедрасында студенттердің әскери ант қабылдауына арналған салтанатты рәсім өтті

Бүгін 08:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);