AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қарасай батыр көшесі жаяу жүргіншілер аллеясына ай...

Қарасай батыр көшесі жаяу жүргіншілер аллеясына айналады

Барлығы 02.07.2025, 13:45 674 Сұлу
Қарасай батыр көшесі жаяу жүргіншілер аллеясына айналады
Алматы әкімдігі

Қарасай батыр көшесіндегі жаяу жүргіншілер аллеясын абаттандыру жұмысы аяқталып қалды. Бұл аллея Наурызбай батыр көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі аралықты қамтыған.

"Қала орталығының маңызды бөлшегіне айналған көше енді жаңа сипатқа ие болып, заманға лайық, жайлы және көгалдандырылған кеңістікке айналды. Жоба "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында қолға алынып, ол жақын маңдағы жаңартылған Қарағайлы скверімен жалғасқан. Бұл екі кеңістік бірігіп, қаланың жасыл инфрақұрылымының өзара байланыстыратын біртұтас жаяу жүргіншілер мен демалыс аймағы болады", - деп мәлімдеді Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин баспасөз туры барысында.

Қарасай батыр көшесінің бойындағы аллея – бұл жай ғана жаяу жүргіншілер дәлізі емес, ол алматылықтардың күнделікті өмірінің маңызды бөлігі. Мұнда дәмханалар жұмыс істейді, халық серуендеп, кешкі уақытта тұрғындар ағаштың саясында демалады. Бұл аумақта соңғы рет жөндеу жұмысы 2017 жылы жүргізілген, содан бері кеңістік өзінің көркемдік келбеті мен бірқатар қызметін жоғалтқан еді. Тұрғындардың өтініші мен қалалық биліктің қолдауының арқасында мұнда 2025 жылдың сәуірінде күрделі жөндеу жұмысы басталды. Қазір жұмыстың 70% аяқталған. Қалған жұмыстар шілденің алғашқы онкүндігінде аяқталып қалады деп жоспарланып отыр.

Абаттандырудың жалпы аумағы – 8 500 м². Оның 8 200 м² жуығы көгалдандырылды. Барлық жамылғылары жаңартылды: 3 120 м² асфальтталып, 1 865 м² алаңға қалыңдығы 6 см болатын брусчатка төселді. Сонымен қатар, 206 метр бордюр мен 1 947 метр поребрик орнатылды. Кіші архитектуралық формалар мен жарықтандыру мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді: 18 жаңа орындық пен жаңа үлгідегі 28 шам орнатылды.

3 200 м² ескі жабын алынып тасталып, 10 ағаш кесілді. Бұл көшенің табиғи келбетін сақтап қана қоймай, оның экологиясын жақсартуға да сеп болмақ.

"Абаттандыру тұжырымдамасы орнықты қалалық даму және жаяу жүргіншілерге басымдық беру қағидаттарына негізделген.  Қарасай батыр көшесі қатынайтын бағыт қана емес, серуендеуге, кездесу мен демалуға арналған жайлы, қауіпсіз қалалық кеңістікке айналады. Алматы өзгеріп, абаттанып, жайлы қалаға айналып жатыр", – деп толықтырды аудан әкімі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көше #жаяу жүргіншілер #аллея
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);