Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Қарақат Әбден сайлаушыларға үндеу жолдады

Қарақат Әбден сайлаушыларға үндеу жолдады

Сайлау-2023 18.11.2022, 12:32 973
Қарақат Әбден сайлаушыларға үндеу жолдады
almaty-akshamy.kz

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден сайлаушыларға үндеу жолдады.


«Сайлауалды насихат жұмыстарымен ел өңірлерін, үлкенді-кішілі қалалар мен ауылдарды аралап шықтым. Отбасы мен ұлттық құндылықтарға негізделген бағдарламамды кең байтақ еліміздің азаматтарына таныстырдым. Жастардан ізет көрдім, қариялардан бата алдым. Осылайша, мен өзімнің бағытымның дұрыс екеніне сенімім тек арта түсті. «Отбасы» әлдеқашан халқымыздың басты құндылығына айналған. Шаңырақ, үй – бабаларымыз үшін де киелі ұғым болған. Мақсатым - бабалардан қалған сол қастерлі ұғымды заманауи кейіпке келтіріп, мемлекеттік саясатқа айналдыру», - деді кандидат өз үндеуінде.


Бұдан бөлек, кандидаттың орталық штабында үгіт-насихат жұмыстары қорытындыланды. Қарақат Әбденнің сайлауалды кездесулері еліміздің мегаполистерінде, облыс және аудан орталықтарында, моноқалалар мен шалғай ауылдарда өтті. Ел өңірлеріндегі 20 сайлауалды штабтың, кандидаттың сенімді өкілдері мен 2000-ға жуық волонтердің үйлесімді жұмысы барлық әлеуметтік топтарды қамтуға мүмкіндік берді. Олардың қатарында: көп балалы аналар, қариялар, студенттер, зиялы қауым өкілдері, медицина және әлеуметтік қызметкерлер, мұғалімдер, мектепке дейінгі білім беру мамандары, ұлттық киім өндірушілері, кәсіпкерлер, отбасылық бизнес пен туристік сала өкілдері, тігін фабрикасының жұмыскерлері бар. Жалпы алғанда, 1000 астам кездесу өткізілді.


Сайлаушылармен кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып, көп балалы отбасыларды, қарт кісілерді, ерекше қажеттілігі бар жандарды, өскелең ұрпақ пен жастарды қолдау шаралары туралы сөз қозғалды. Кандидат отбасылық және ұлттық құндылықтарды нығайтуға ерекше көңіл бөлді.


Үгіт-насихат жұмыстары онлайн форматта да белсенді жүргізілді. Кандидаттың ресми сайтында жарияланған сайлауалды бағдарламаны 150 мыңнан астам қолданушы жүктеп алды. Әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар мен сайты арқылы сайлаушылардың 40 мыңға жуық ұсынысы мен сауалын қабылданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #қарша #сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазгидромет 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Бүгін 09:11

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Кеше 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Кеше 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Кеше 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Кеше 14:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика