Қарағандыда жасөспірім ірі көлемде есірткімен ұсталды

  • 11:04, 06 қыркүйек 2025
Қарағандыда жасөспірім ірі көлемде есірткімен ұсталды Сурет: ашық дереккөз

Қарағандыда 17 жастағы жасөспірім ірі көлемдегі есірткімен қолға түсті. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ол есірткі қылмысына қарсы іс-шара барысында қоқыс полигоны маңында ұсталған, деп хабарлайды Aqshamnews.kz Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тексеру кезінде жасөспірімнің қалтасынан заманауи гаджеттер – iPhone 14 және қылмыстық әрекетке қатыстылығын айғақтайтын хат-хабар сақталған iPhone 11 тәркіленді. Сонымен қатар қара изолентаға оралған, салмағы шамамен 15 грамм болатын 20 түйіншек табылды. Сараптама бұл заттың синтетикалық есірткі – «A-PVP» екенін анықтады.

Тергеу барысында ол қылмысын мойындап, бір жарым ай бұрын курьер-букмекер ретінде жұмыс істей бастағанын айтқан. Осы уақыт ішінде Қарағанды маңындағы жасырын қоймалардан 20-40 түйіншектен тұратын ірі партияны сегіз рет алып, Абай, Шахтинск және Қарағанды қалаларында есірткі таратқан.

Қазір қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға және есірткі желісінің басқа қатысушыларын табуға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицияның айтуынша, мұндай шаралар аймақтағы есірткі қылмысымен күрестің тиімділігін көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21

15:17

14:16

13:23

13:21