Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қарағандыда есірткі таратқан студент 15 жылға сотт...

Қарағандыда есірткі таратқан студент 15 жылға сотталды

Заң мен тəртіп 21.01.2026, 11:33 252
Қарағандыда есірткі таратқан студент 15 жылға сотталды
Видео кадры

Қарағандыда есірткі айналымы мен контрабандасына қатысты іс бойынша үкім шықты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Қарағандыда есірткі заттарының заңсыз айналымы және контрабандасына байланысты қылмыстық іс қаралып, сот үкімі жарияланды. Тергеу жұмыстары Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Қарағанды облысы бойынша департаменті тарапынан жүргізілген.

Тергеу мәліметінше, колледж студенттерінің бірі есірткі таратудан табыс табуға болатынын біліп, "Telegram" мессенджері арқылы белгісіз куратормен байланысқа шыққан. Ол "жасырма-курьер" және "қойма" қызметін атқаруға келісіп, тапсырмалар алған.

Айыпталушының міндетіне берілген координаталар бойынша есірткі заттарын алып кету, сақтау, бөліп орау, тасымалдау және қала аумағында алдын ала белгіленген жасырын орындарға орналастыру кірген. Тергеу дерегіне сәйкес, ол күніне шамамен 30 жасырма жасаған.

Сонымен қатар, сотталушы Таиландтан Қазақстанға халықаралық пошта жөнелтімі арқылы есірткі жеткізуді ұйымдастырғаны анықталды. Бұл мақсатта ол "Telegram" арқылы 400 мың теңге сыйақы ұсына отырып, кәмелетке толмаған "дропперді" тартып, жөнелтімді оның атына рәсімдеген.

Күдікті тауарды алу кезінде ұсталып, одан 909 грамм каннабис экстракты тәркіленді. Тінту барысында оның тұрғылықты мекенжайынан қосымша 80 грамм есірткі заты табылып, алынған.

Сондай-ақ, ұялы телефонын тексеру кезінде оның бір күн бұрын бірнеше жасырма орналастырғаны белгілі болды. Көрсетілген координаталар бойынша тағы 3,34 грамм каннабис экстракты тәркіленді.

Сот үкімімен айыпталушы 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарағанды #Студент #есірткі #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Теміртау қаласының 48 жастағы тұрғыны 13-баласын дүниеге әкелд

Бүгін 14:46

Алматыда қауіпті қалдықтар мен сирек кездесетін қайта өңделетін шикізатты жинау акциясы өтеді

Бүгін 12:23

Иран астанасында халықаралық әуежайы өртеніп жатыр

Бүгін 12:00

Қазақстан СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты бірнеше елге бармауды ұсынды

Бүгін 10:09

Тұман, қар және көктайғақ: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі