Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Кітап - көңіл кілті / Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы баст...

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды

Кітап - көңіл кілті 25.08.2025, 12:37 675
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды
Gov.kz

Қарағанды облысында жаңа ауқымды бастама – «Кітап оқитын ұлт» жобасы іске қосылды. Жобаға мектеп оқушылары, студенттер, педагогтар, отбасылық әулеттер және мемлекеттік қызметшілер қатысады. Алты ай ішінде қатысушылар 15 кітап оқуы тиіс. Ең үздіктері ақшалай сыйлықтарға, сертификаттарға және медальдарға ие болады. Бұл туралы Қарағандыда өткен білім саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясында хабарланды.

– Басты мақсатымыз – қазақстандықтардың кітап оқу деңгейін жылына кемінде 10 кітапқа жеткізу. Байқау арқылы біз оқуға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, кітапты мектеп кезінен бастап тұрақты әдетке айналдыруды көздеп отырмыз, – деді «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қорының атқарушы директоры Аян Сақошев.

Байқау қыркүйек айында басталып, оның қорытындысы 2026 жылдың наурыз айының соңында шығарылады.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев оқырмандық мәдениетті дамыту өңірдің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтіп, жобаны кідіріссіз жүзеге асыру қажеттігін айтты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқу мәдениетін қалыптастыруды ұлттың прогрессивті ойлау жүйесінің негізі деп бағалады. Сондықтан «Кітап оқитын ұлт» жобасын толық қолдап, кітапхана қызметін жетілдіру, оқушыларды, педагогтарды және ата-аналарды кітап оқуға кеңінен тарту маңызды, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарағанды облысы #кітап #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырау облысындағы бүтін бір отбасының өлімі: күдіктілердің ұсталған сәті тарады

Бүгін 14:52

Кейінгі үш тәулікте қар құрсауынан 78 адам құтқарылып, эвакуацияланды

Бүгін 14:44

"Кетсем кетермін, не болыпты?". Мақпал Жүнісова инфаркт алғанын айтты

Бүгін 14:34

Ұлытау облысының тұрғындары конституциялық реформаны және алдағы референдумды қолдады

Бүгін 14:07

Алматыда 15 наурызда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

Бүгін 14:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі