Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қар, тұман, бұрқасын: 4 қараша ел аумағында ауа ра...

Қар, тұман, бұрқасын: 4 қараша ел аумағында ауа райы қандай болады

Өмір-өзен 04.11.2021, 02:43 1,267
Қар, тұман, бұрқасын: 4 қараша ел аумағында ауа райы қандай болады
nur.kz

Синоптиктер 4 қараша ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болады, сондықтан жауын-шашын жаумайды. Тек елдің оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.


Қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында және тау бөктерінде қалың қар жауады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста тұман түседі. Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.


Елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын көтеріледі. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел екпіні 23-28 м/с жетеді.


Күндіз таулы асуларда жел жылдамдығы 30 м/с асуы мүмкін Жамбыл облысының солтүстік шығысында, оңтүстік батысында және таулы аудандарында тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Жел қарқыны - 15-20, 23-28 м/с шамасында.


Алматы облысының шығысында, оңтүстігінде тұман және көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.


Қызылорда облысының басым бөлігінде жел қарқыны - 15-20 м/с. Күндіз 23 м/с дейін жетеді, облыс орталығында шаңды дауыл соғады.


Маңғыстау облысында желдің күші - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады.


Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.


Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.


Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын көтеріліп, тұман түседі. Жел қарқыны - 15-20 м/с. Қ


останай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #қараша #Ауарайы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Танымал әнші Абай Бегей сегізінші рет әке атанды

Бүгін 10:37

Алаяқтарға алданып қалғанын білген алматылық қария жүрегі шыдамай, көз жұмған

Бүгін 09:56

Сенбіде ел өңірлерінде ауа райы қандай?

Бүгін 09:31

Алматыда жігітті бір топ адам соққыға жыққан

Бүгін 08:57

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Кеше 18:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика