Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қар, боран, көктайғақ: бейсенбіде бірнеше облыста...

Қар, боран, көктайғақ: бейсенбіде бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

Барлығы 15.01.2026, 08:51 326
Қар, боран, көктайғақ: бейсенбіде бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды
Сурет: rostov.kp.ru

Қазақстанның 16 облысында ауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

"Қазгидромет" дерегінше, ел аумағында қар, көктайғақ, тұман және қатты жел күтіледі, ал кей өңірлерде ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендейді.

Синоптиктердің болжамынша, Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын көбіне қар түрінде түседі. Облыстың бірнеше бөлігінде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын жүреді. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Қызылорда қаласында да көктайғақ пен бұрқасын күтіліп отыр.

Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын жауады. Облыстың батысы мен солтүстігінде жел күшейіп, таулы өңірлерде оның жылдамдығы 28 м/с-қа дейін барады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысының таулы және оңтүстік аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігі мен батысында жел күшейеді. Алматы мен Қонаев қалаларында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Астанада жолдар көктайғақ болып, жүргізушілерге ерекше сақтық қажет. Ақтөбе облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Кей жерде желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында да қар, жаңбыр, көктайғақ және тұман күтіледі. Ақтау, Атырау, Орал қалаларында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысы қиындауы мүмкін.

Қарағанды және Ұлытау облыстарында бұрқасын жүріп, жел күшейеді. Кей аудандарда оның жылдамдығы 28 м/с-қа дейін жетеді. Жезқазған мен Қарағанды қалаларында да қатты жел болжанып отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, 15-17 қаңтар аралығында Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігі мен шығысында түнде ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендейді. Бұл өңірлерде қалың аяз бен тұман күтіледі.

Сонымен қатар Абай, Қостанай, Жамбыл, Жетісу және Ақмола облыстарында да тұман, көктайғақ және қатты жел болжанып отыр. Тараз бен Көкшетау қалаларында жолдар мұздап, көлік қозғалысына қауіп төнуі мүмкін.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды алыс жолға шықпауға, ауа райы күрт нашарлаған кезде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Алматы #облыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі