Almaty-akshamy.kz сайтында бүгін жарияланған жаңалықтарға шолу
МӘМС-тің мәні арта ма?
Медициналық және фармацевтикалық қызметке, иондаушы сәуле шығаратын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуге, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы рұқсат құжатының болуына лицензияның болуы ерекше қатаң тексеріледі.
Денсаулық сақтау министрлігі қабылдайтын медициналық қызмет берушілерге қойылатын талаптарды күшейту жөніндегі кешенді шаралар бірінші кезекте жосықсыз медициналық ұйымдар медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландыруды ала алмайтын кезде халық үшін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.
Алыс сапарға асықпаңыз!
ҚР ІІМ халыққа ескерту жасады.
Ауа райының бұзылуы, көру мүмкіндігінің нашарлауы, көктайғақ кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі. Жолдарды жабу кезінде полицияның заңды талаптарына бағынбаған жүргізушілерге айыппұл немесе бес тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылады.
«Кедей мен бай жолдас болмас...»
Oxfam халықаралық бірлестігі 2020 жылдан бері планетадағы ең дәулеті шалқыған бес адамның капиталы 869 млрд доллларға көбейгенін анықтаған, керісінше, адамзаттың ең кедей 60 пайызы, яғни, 5 млрд-қа тарта адам тақыр кедейге айналған.
Guardian-ның ақпаратына сай, сарапшылар бүгінгі кедейлікті еңсеруге кем дегенде 229 жыл кететінін ескертеді.
Хоккейші қыздар жарап тұр...
Херенвен қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен әлем біріншілігінде А тобына түскен Қазақстан құрамасы Түркияның қақпасына жауапсыз 6 шайба салып, ірі жеңіске жетті.
Қазақстан енді 18 қаңтарда Латвиямен, сосын Қытай және Нидерланд екеуімен бір күні (21 қаңтарда) ойнайды.
Қасиетті құлшылық
Былтыр елімізден 4 000 адам ұлы сапарға аттанып, қажылық құлшылығын атқарып келді.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан Қажылық миссиясының төрағасы ретінде қажыларды қасиетті мекенге бастап барды.
Көлік қымбаттай ма?
Жергілікті нарық үшін бұл салыстырмалы түрде алғанда, жоғары деңгейде. Freedom Finance Global автокөлік бағасы 12-17% өсетініне болжам жасады. Сонымен қатар, автокөлік нарығының өсімі инфляция қарқынының баяулауымен бірге төмендейді.
Тұраққа тегін тоқтай ма?
Электромобильдер туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті әзірлеген қорытындыға сүйенсек, заң жобасы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жол жүрісі туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған.
Ми-ға не болды?
Қырғызстанның Kabar агенттігінің хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 10:55-те «Фрунзе-1» әуе базасында Ми-8 әскери тікұшағы құлады. Қырғызстан Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы оқу-жаттығу барысында қонуға мәжбүр болған. Зардап шеккендер бар.
«Қаңтарылып қалмаңыз!»
Қазақ халқында ежелден «қаңтарда қыз бермейді» деген наным бар. Оның діни астары жоқ. Ол ең алдымен қыстың қатаң табиғи ерекшелігіне және тұрмыстық қиыншылықтарға байланысты. Өйткені желтоқсанның аяғында жарық күн мерзімі барынша қысқарып, түн барынша ұзаратынын білеміз. Қаңтар айында «Күн – жазға, суық – аязға беттейді» демекші, ең боранды, суық кезең келеді. Мұндай кезде қыз ұзатып, келін түсіріп шаттыққа кенелу де қиын, әсіресе жол жүрмеген абзал. Күннің қысқалығынан тез көз байланып, қараңғы түсіп кетеді. Әсіресе құбылып тұратын ауа райында бұл өте қауіпті. Ертеде мал соңында жүргендердің арасында адасып кетіп үсіп өлетіндер де аз болмайтын. Сондықтан да «қаңтарда ұзатылған қыз қаңтарылып қалады» деп сақтандырады.
Сабақта сабаған...
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі оқушыларды сабаққа арнайы киім алып келмегені үшін ұрған. Пән мұғалімінің бұған дейін де, еңбек заңдылығына байланысты сөгіс алғаны белгілі болды. Осы оқиғаға байланысты мектеп директорына сөгіс жарияланды. Ал мұғалімді қатал жаза күтіп тұр.
Тобықтының тоқ биі
1804 жылы Құнанбай дүниеге келгенде өте ірі, толық, зор болады. Ол туарда анасы түс көреді. Түсінде: ері Өскенбайдың төрде отырып, алтын сақаны йіріп отырғанын көреді. Анасы ол алтын сақа – Құнанбай деп жориды. Құнанбайды бір күн дәретсіз емізбеген Зеренің әже бертінде:
- Мен Құнашты бір күн дәретсіз емізіп көргем жоқ және омырауымды
тазалап жумай, бісмілла айтпай емізген мезгілім болған жоқ,- депті. Құнанбайдың денесі өте сымбатты, толық, бойы зор, жүзі нұрлы, бота көз, маңдайлы қыр мұрын, сұлу болған деседі. Балғын зор денесі балуандыққа өткір көзі ерлікке, басы ақылдылыққа сәйкестене біткен. Ауыл молдасынан оқып, шала хат таныса да әкесі Өскенбайға келген хаттарды біріне-бірін салыстырып, өз талабымен толық танып, түрікше жазылған кітаптарды еркін оқи алатын болған екен.