конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қаңтар оқиғасына қатысы бар 467 адам қамауға алынд...

Қаңтар оқиғасына қатысы бар 467 адам қамауға алынды

Әлеумет 07.02.2022, 13:55 1,500
Қаңтар оқиғасына қатысы бар 467 адам қамауға алынды
Сурет: 24.kz.

Терроризм актісі мен жаппай тәртіпсіздіктерді тергеу жалғасуда.


Еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру күдігімен 467 адам қамауға алынды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Ведомствоаралық жедел тергеу тобы терроризм актісі мен жаппай тәртіпсіздіктерді тергеуді жалғастыруда. Жұмыстар 8 өңір бойынша, Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарында жүргізілуде. Себебі дәл осы аймақтарда көптеген адам өлімі орын алды. Мемлекеттік және жеке нысандар қиратылып, өртелді», - деді Ризабек Ожаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.



Оның атап өтуінше, бір айдың ішінде ведомствоаралық топ ауқымды көлемде тергеу жұмыстарын атқарды.



«Жауаптар алынуда, бейнематериалдар зерделенуде. Сараптамалар тағайындалуда, эксгумациялар, мәйіттерді идентификациялау жүргізілуде және олардың қайтыс болу себептері анықталуда. Осы ретте азаматтардың дәлелдемелер жинаудағы белсенді көмегін атап өткім келеді. Біздің «Стоптерроризм» сайтына 1672 файл жүктелген», - деді ол.



Бас прокуратура өкілінің дерегінше, олар қаңтар оқиғасына қатысты видео және фотосуреттерді құрайды. 



«Бизнес өкілдері де көмектесуде. Олар бейнебақылау камералары мен жазылған ақпараттарды жіберуде. IT-технологияларды пайдалана отырып, оқиғаларға қатысы бар барлық адамдарды анықтауды жалғастырып жатырмыз. Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен оған қатысу және терроризм актісін жасауға қатысты 467 адам қамауға алынды. Біз олардың жеке басын, отбасылық жағдайын, жасын, денсаулық жағдайын, қатысу дәрежесін, өз істеріне деген көзқарасын және басқа да сипаттайтын деректерді мұқият зерттейміз», - деп атап өтті қадағалаушы орган өкілі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#прокурор #Қазақстан #қаңтар #оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 10:11

Алматыда IV Халықаралық цирк өнері фестивалі басталды

Бүгін 10:09

Жолаушы да, жүк те көбейді: Қазақстандағы тасымал көлемі артты

Бүгін 09:21

Алматыда білім беру саласындағы 200 мыңнан аса адам жасанды интеллектіні қолданады

Бүгін 09:17

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, батыста 44 градусқа дейін аптап ыстық болады

Бүгін 09:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);