AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қант қызылшасына субсидия көбейеді

Қант қызылшасына субсидия көбейеді

Әлеумет 21.09.2022, 10:24 1,113
Қант қызылшасына субсидия көбейеді
Сурет: Agroinvestor.ru

Шикізатты қабылдау құны 40 мың теңгеге жетті.


Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек қант саласына мемлекеттік қолдауды күшейту туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атап айтқанда, шаруашылықтардың қант қызылшасын өсіруге жұмсаған шығындары жыл сайын өсіп отыратыны және биылғы жылы 1 гектарға жұмсалған шығындар 900 мыңнан 1 млн теңгеге дейін жеткені атап өтілді.


Қызылша өсірушілердің мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қарау жөніндегі өтініштерін ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялар нормаларын ұлғайтты. Осылайша шикізатты қабылдау құнын бұрынғы 30 мың теңгенің орнына 40 мың теңгеге жеткізді. Соның арқасында қант қызылшасының рентабельділігі жүгері, рапс және соя сияқты дақылдардың деңгейіне дейін теңестіріледі.


Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы вице-министрі мемлекет қызылша өсірушілерге қолдау көрсетуді жалғастыратынын, қант саласын дамыту жөніндегі жоспар әзірленгенін атап өтті.


Қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасын субсидиялауды ұлғайтуға келесі жылы шамамен 11,5 млрд теңге бюджет қаражатын бөлу жоспарланып отыр.  Сондай-ақ, бүгінде тұқым, гербицидтер, тыңайтқыштар құнының 50%, техника құнының 25% субсидияланады, бұл ретте субсидиялаудың жаңа қағидаларында техниканың рұқсат етілген ең жоғары құнының белгіленген лимиттерін өзектендіру жоспарланып отыр.



«Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру бойынша жұмыс шеңберінде қызылша жинайтын комбайндарды сатып алуға өтеу нормативін 50% дейін ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. Мемлекеттік қолдаудың жаңа ережелері 2023 жылдан бастап күшіне енеді деп күтіліп отыр», - деді Әбілқайыр Тамабек.



Кездесуде шаруалар қант саласын дамыту перспективалары туралы өз пікірлерімен бөлісіп, түсімнің, яғни пайданың өсуіне тікелей ықпал ететін агротехнологияларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.


Қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру аясында егіс алқаптарын 38 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қант #қызылша #Субсидия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);