AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қант өндіру жеті есеге көбейеді

Қант өндіру жеті есеге көбейеді

Әлеумет 26.04.2022, 06:48 1,240
Қант өндіру жеті есеге көбейеді
Сурет: Аr-ai-admin

Бұл үшін 5-6 жыл ішінде осы салаға жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар қажет.


Ауыл шаруашылығы министрлігі қант өндірісін жеті есе арттырып, оның импортын 32%-ға түсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл туралы Үкімет отырысы барысында ведомство басшысы Ербол Қарашөкеев айтты.



«Қант өндірісін 7 есе, 254 мың тоннаға дейін ұлғайту, қант импортын 32%-ға төмендету күтілуде. Бұл ішкі нарықтың отандық өндірістегі қантпен қамтамасыз етілуін 7%-дан 43%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген нәтижелерді алу үшін 5-6 жыл ішінде субсидиялар мен жеңілдікті кредиттер беру арқылы мемлекеттік қолдау қажет», - деді Қарашөкеев.



Ол Қазақстанда жыл сайынғы қант тұтыну шамамен 532 мың тоннаны құрайтынын, оның ішінде отандық шикізат есебінен 7%-ды құрайтынын еске салды. Бұл өндірістің ұсақ сатылымына, суаруға судың жетіспеуіне, қант қызылшасын өсіру кезіндегі қол еңбегіне, қант зауыттарының тозуына, ресейлік өндірушілердің демпингтік бағасына байланысты.


Сумен қамтамасыз ету, егіс алқаптарын 14,5 мың гектардан 38 мың гектарға дейін кеңейту, саланы инфрақұрылымдық дамыта отырып, қант зауытын жаңғырту және жаңа зауыт салу – міне, АШМ осындай жобаларды іске асырып, жалпы өнім жинауды 332 мың тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қант #өндіріс #АШМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

27 сәуірге арналған ауа райы мәліметі

Бүгін 08:30

Кітап оқудың маңызы зор

Кеше 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Кеше 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Кеше 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Кеше 12:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика