AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қанша Алматы тұрғыны екпе алды?

Қанша Алматы тұрғыны екпе алды?

Әлеумет 15.10.2023, 11:59 1,199
Қанша Алматы тұрғыны екпе алды?
Сурет: ашық дерекөз

Жыл басынан бері жұқпалы ауруларға қарсы екпе алғандар саны мен мерзімі туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әсел Қалыкова Massaget.kz тілшісіне жауап берді, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


Қала бойынша 9 айда қызылшаға қарсы науқаспен қарым-қатынаста болған 477 адам егілген.


"Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы біріншісін 27 814 бала, екіншісін 30 995 бала алды. Оның ішінде 1 жастағы 23 595 бала және 6 жастағы 24 036 бала бар. Ал вакцинамен басқарылатын жұқпалы инфекцияларға қарсы 259 294 адамға екпе жасалды", - деді Әсел Қалыкова.


Осы уақытқа дейін профилактикалық екпелерден 1765 адам бас тартқан.


"Дені сау жаңа туған нәресте алғашқы 12 сағатта "В вирусты гепатитіне" қарсы және алғашқы 4 күн ішінде туберкулезге қарсы егілуге тиіс. 1 жасқа дейінгі бала тұрғылықты жері бойынша емханада көкжөтелге, сіреспеге, дифтерияға, полиомиелитке, В вирусты гепатитіне, гемофильді және пневмококк инфекцияларына қарсы, 1 жасында қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке, полиомиелитке және пневмококк инфекциясына қарсы, 1 жарым жасында көкжөтелге, сіреспеге, дифтерияға, полиомиелитке, гемофильді инфекцияларына қарсы егіледі. Оның айтуынша, тұрақты иммунитетті сақтау үшін бала 6 жасында қызылша, қызамық, эпидемиялық паротитке және сіреспе, көкжөтел, дифтерияға қарсы қайта егіледі", - деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы.


Ал 16 жастан бастап барлық ересектер сіреспеге, дифтерияға қарсы әрбір 10 жыл сайын тұрғылықты мекен-жайы бойынша қалалық емханаларда егіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#екпе #денсаулық #тұрғын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);