Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қандай сыйлықтан бас тартқан дұрыс?

Қандай сыйлықтан бас тартқан дұрыс?

Мұны білген жөн 27.11.2025, 11:10 319
Қандай сыйлықтан бас тартқан дұрыс?
Элеонора Якия

Адамдар арасындағы сыйластықты арттырудың бірден-бір құралы - сыйлық. Сыйлық алған адам қуанып, разы болып қалса, сыйлық беруші де мәз болары сөзсіз. Бірақ кейде қуантайын деп сыйлық беріп, керісінше ренжітіп алатын кездер де болады, себебі сыйлық берудің де өз әдебі, сенімі, ырымы, тыйымы бар. 

Жануарлар

Жануар - тірі энергия. Оны сыйға алу да, беру де - жауапкершілік. Көне нанымдарда айтылғандай, кез  келген жануарды "сатып алу" (выкуп) керек. Сондықтан егер сізге мысық, күшік немесе басқа бір тіршілік иесін сыйласа, міндетті түрде қайтарымына шағын болса да (тәтті, ақша) бірдеңе беріп жіберіңіз. Бұл жануардың энергиясын бекітіп, оны өз иесіне үйір қылады, егер олай етпесе жануар ұзақ тұрақтамай, қашып кетуі енемес ауырып қалуы мүмкін деген сенім бар екен. Сонымен қатар жануарды алған кезде шын ниетіңмен "қош келдің" деп қабылдау керек.

Сағат

Сағат - уақыттың белгісі. уақыт -өмірдің ағысы, өзгеру, қартаю. Сол себепті кез келген (қолсағат, қабырға сағаты, ескі, жаңа, электронды, механикалық) сағат сыйлау да "біртүрлі" энергетика тудырады дейді. Егер сағат сыйланса, міндетті түрде оның да "ақысын" беру керек, аздаған ақша немес тәтті дәм түрінде. Бұлай ету сыйлықты бейтараптандырып, уақыт энергиясының иесіне қарсы әсер етпеуіне көмектеседі. Сағатты сыйға алған кезде "өз уақытымды өзім басқарамын" деп ниет ету керек.

Белдік

Белдік - шектеу мен байланудың белгісі. Сыйға берілген белдік иесінің әрекетін тежейді деген сенім бар. соны болдырмау үшін сыйға берген белдікті үйге әкеліп,, бір аптадай жазып ашып қою керек, бейтараптанады. Белдікті тағар алдында іштей "жолымды аш" деп айтуға болады.

Әмиян

Әмиян - ақшаның "үйі". Ол адамның өзіне қалай ұнаса, солай оның қаржылық жолына да әсер етеді деген наным бойынша, бейтаныс адамнан әмиян алу қаржылық жолыңды әлсіретуі мүмкін, кей жағдайда өз сәттілігіңді басқаға "аударып" жіберуің де ықтимал. Әмиянды тек жақын, жүрегі таза адамнан алған дұрыс. Ең бастысы, сыйлаған кезде әмиянның ішінде кем дегенде 1 тиын болу керек, тиын ақша ағымын жолға қояды.  Әмиян алған күннен бастап оның ішіне тек жақсы энергия жиналсын деп ниет ет.

Қайшы

Қайшы - кесу, тоқтату энергиясын береді. Сол себепті қайшы сыйлау көп кездеспейді және сыйға алу да ұсынылмайды. Егер сыртта біреу қайшы сыйласа, оны үйге апармаған дұрыс деп айтылады, себебі оның үйдегі үйлесім энергиясын "кесуі" мүмкін деп сенген. Егер қатты қажет болса, 24 сағат тұзға көміп қойып, содан кейін ғана қолдануға болады. Жалпы қайшымен байланысты сыйлықты беруден де, алудан да тартынған жөн, ол адамның жоына кедергі болуы мүмкін екен.

Айна

Айна - адамның ішкі энергиясын өзіне қайта көрсете алатын күшті зат. Сыйға келген айнада бөгде адамның ізі, көңіл-күйі, ойы қонақтауы мүмкін. Сондықтан тұз салынған суға жуып алған жөн.Тұз - айнаның энергиясын түсіретін қарапайым тазарту құралы, өзің сатып алған айнаны да осылай "тазалаған" дұрыс. Тазаланған айна өміріңе жарық сәуле шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сыйлық #Энергия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі