AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қанат Таймерденов алматылықтарға алғысын білдірді

Қанат Таймерденов алматылықтарға алғысын білдірді

Әлеумет 30.06.2022, 11:56 1,203
Қанат Таймерденов алматылықтарға алғысын білдірді
Сурет: Gov.kz

Бірлесіп атқарған  жұмыстары үшін алғысын айтты. 


Алматы полиция департаментінің бұрынғы жетекшісі Қанат Таймерденов алматылықтарға әлеуметтік желілер арқылы алғысын білдірді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. 



«Қымбатты достар!


Құрметті алматылықтар! 


Екі жарым жыл бойы біз бірге еліміздің ең ірі шаһарында заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді шешу үшін тығыз жұмыс жасадық. 


Менің тәжірибемде бұл қаладағы қылмыстық жағдайды тұрақтандыруға және жазатайым оқиғаларды азайтуға мүмкіндік берген қоғаммен ең жемісті ынтымақтастық болды десем де болады. 


Сіздермен бірге қалалық қоғамдық көліктерді, жалпы білім беретін мектептерді, колледждерді, азаматтардың жаппай жүретін орындарын, сондай-ақ тергеушілер, анықтаушылар мен жедел уәкілдердің кабинеттерін қамтитын бейнебақылау жүйелерін кеңейту мәселелері де шешілді. 


Сонымен қатар, Алматы полициясының қызметтік үлгіге көшуінің аралық қорытындылары шығарылды. 


Қоғам белсенділерімен бірлесе отырып, таяу болашаққа арналған басым жоспарлар белгіленді. 


Бір сөзбен айтқанда, бүгінде Алматыда қылмыстық жағдай тұрақты және бақылауда.Әлі де атқарылатын жұмыстар бар екендігі рас.


Достар! 


Сіздерді алдағы уақытта да қаладағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін шешуге белсенді атсалысуға шақырамын.Бірлескен жұмыстарыңыз үшін алғысымды айтамын.


Алматы қаласы ПД қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамына жанқиярлық және кәсіби еңбектері үшін ерекше алғыс айтамын», - деп жазды Қанат Таймерденов. 



Бұдан бұрын белгілі болғандай, Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің бастығы қызметінен кеткен болатын.



«Қанат Таймерденов Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратына басшылық қызметке ауыстырылуда», - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарамасында.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #Алматы #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Кітап оқыған адам ғана өмірден өз орнын табады"

Бүгін 11:07

Алматының алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты

Бүгін 09:15

Театртанушы Бағыбек Құндақбайұлына – 100 жыл

Кеше 22:25

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Кеше 19:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);