Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қанат СЕРІКҰЛЫ: Арманым ақиқатқа айналды

Қанат СЕРІКҰЛЫ: Арманым ақиқатқа айналды

Әлеумет 16.01.2025, 17:59 821
Қанат СЕРІКҰЛЫ: Арманым ақиқатқа айналды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Елімізде тұрғын үй мәселесін шешу және халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында түрлі мемлекеттік және коммерциялық бағдарламалар көп. Мен сол бағдарламалардың шапағатын көрген жандардың бірімін. 

Өткен жылы «Отбасы банкінің» 50/50 бағдарламасы арқылы Алматының Алатау ауданына қарасты «Дарабоз» ықшамауданынан көптен күткен баспанама қол жеткіздім. Бұл тек баспана емес, менің үлкен арманымның орындалуы деп айтсам да болады.

Бағдарламаның ыңғайлы шарттарының арқасында бастапқы жарнаны жинап, қалған соманы тиімді пайыздық мөлшерлемемен несиеге рәсімдедім. Банк қызметкерлерінің қолдау көрсетуі, барлық үдерісті түсіндіруі және жылдам қызметі мені ерекше қуантты.

Үйлі болу – тек жайлы тұрмыс емес, тұрақтылық пен болашаққа деген сенімділік. Жаңа үйдің табалдырығын аттап, болашаққа үлкен жоспарлар құрудамын. Енді өз шаңырағымда отбасыма шаттық сыйлайтын жылы атмосфера орнату – басты мақсатым.

«Отбасы банкіне» үлкен алғысымды білдіремін! Қазір әрбір адамға өз арманын жүзеге асыру үшін мүмкіндік көп. Ең бастысы – армандаудан және соған ұмтылудан жалықпау керек екен.   

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #баспана #Отбасы банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37

2025 жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Бүгін 17:10

Алматы үйленуден көш бастап тұр

Бүгін 16:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика